109.Сегізкөз өрімі, қалыптасуы, топографиясы, қысқа тармақтары, нервтендіру аймақтары. Сегізкөз өрімі, plexus sacralis (L4-S3), үшбұрыш пішінді ірі табакша түрінде, оның ұшы
foramen in-frapiriforme бағытталады. Ол өзінің аз бөлігімен сегізкөздің алдыңғы бетінде
және көпбөлігімен т. piriformis алдыңғы бетінде жатады. Өрім қоймалжың дәнекер тінмен
қоршалған және жамбас астауы шандырының қабырғалық табакшасының астында
жатады; оның медиалді беті жағында ішкі мықын тамырларының, vasa iliaca interna,
тармактар қатары орналасқан.
Сегізкөз өрімінен қысқа және ұзын тармактар түзіледі. І. Қысқа тармактары 1. Бұлшықеттік тармақтар : ішкі жапқыш бұлшық етінің нерві ( nervus musculi
obturatorii internі ) , алмұрт тәрізді бұлшықеттің нерві ( пеrvus musculi piriformis ) шаршы
бұлшықеттің нерві ( пеrvus musculi quadrati femoris ) және егіз бұлшықеттерінің
тармақтары .
2. Жоғарғы бөксе нерві ( пеrvus gluteus superior ,L4 - SI ) бөксе аймағына алмұрт
тәрізді бұлшықеттің жоғарғы тесігі арқылы жамбас астауынан шығып , кіші және ортаңғы
бөксе бұлшықеттерін және санның жалпақ шандырын керетін бұлшықетті нервтендіреді .
3. Төменгі бөксе нерві ( пеrvus gluteus inferior ,L4 - S2 ) бөксе аймағына алмұрт тәрізді
бұлшық еттің төменгі тесігі арқылы жамбас бұлшықеттеріне өтіп , үлкен бөксе бұлшық
етін нервтендіреді .
4. Санның артқы терілік нерві, п. cutaneus femoris posterior (Sp S2, S3), озінің
бастапкы бөлімдерінде төменгі бөксе нервісіне өте жақын жатады немесе бірге жалпы
сабау түрінде жүреді; жамбас астауынан foramen infrapiriforme арқылы, шонданай нервтен
медиалді шығып, бөксенің үлкен бұлшықеті астында жатады; шонданай төмпесі ортасы
мен ортан жіліктің үлкен ұршығы арасында орналасып, санның арткы бетіне түседі.
Бұл жерде ол т. semitendinosus және т. biceps femoris арасындағы жүлгеде, жалпак шандыр
астында орналасады; төмен бағытталып, санның артқы беті бойындағы шандырды тесіп
өтетін тармактар береді, олар санның артқы, әсіресе медиалді беті терісінде тармақталып,
тақым шүнкыры аймағы терісіне жетеді.