• 4. Fibrae thalamocorticalis et corticothalamica таламустан ми қыртысына және
керісінше, ми қыртысынан таламусқа баратын талшықтар. Таламустан шығатын
талшықтардан орталық таламус тарамдары деп аталатынды атап көрсету қажет. Ол
орталық артындағы қатпарда орналасқан тері сезімі орталығына бағытталатын сезімтал
жолдың соңғы бөлігі. Бұл жолдың талшықтары таламустың латералды ядроларынан
шығып, ішкі капсуланың артқы аяқшасы арқылы пирамидалы жолдың артынан өтеді. Бұл
жер сезімтал қиылыс деп аталады.
Нерв импульстерінің қозғалу бағытын ескере отырып, проекциялық өткізгіш жолдарын
көтерілетін (сезгіштік) өткізгіш жолдары және төмендейтін (қозғалтқыш, сенсорлық)
жолдар деп бөледі. Көтерілетін проекциялық жолдарды өз кезегінде экстерорецептивтік,
проприоцевтивтік және интероцептивтік деп жіктейді.
• Экстерорецептивтік жолдар организмге сыртқы факторлардың әсерінен пайда болған
импульстерді өткізеді (тері рецепторларынан, сезім ағзаларынан).
• Проприоцевтивтік жолдар тірек-қозғалыс аппараттары ағзаларының импульстерін
өткізеді (бұлшықеттер, сіңірлер, буын қапшығынан).
• Интерорецептивтік жолдар организмнің ішкі ортасының ағзаларынан нерв импульстерін
тасымалдайды (тіндердегі тін сұйықтықтары мен қан тамырларындағы қанның қысымы
туралы, зат алмасу деңгейі туралы).
92. Экстероцептивтік сезім түрлерінің өткізгіш жолдары Сыртқы тітіркенулерді қабылайтын рецепторлар экстерорецепторлар деп аталады.
Эволюцияның ерте кезеңдерінде олар негізінен дененің сыртқы жабындыларында
орналасқан, бұл сыртқы тітіркенулерді қабылдау үшін қажет еді, сондықтан адамда да
олар эмбриогенезде сыртқы ұрық жапырақшасынан – эктодермадан дамиды. Қызметі
жағынан асқорыту жүйесімен тығыз байланысты, сондықтан энтодермадан дамитын дәм
сезу мүшесінің ғана бұған қатысы болмайды.
Одан әрі жануарлардың құрылысы және тіршілік қалпының күрделенуімен
экстерорецепторлар ішіндегі маңыздылары күштірек дамып, құрылыстары күрделеніп,
организмнен тысқары орналасқан, сондықтан дистантты деп аталатын заттардан
тітіркенулерді қабылдайтын ерекше мүшелерге айналды. Бұлар – есту, көру және иіс сезу
рецепторлары теріде орналасып, тері анализаторының шеткі бөлігін құрайды. Дыбыс,
жарық, дәм және иіс сезу рецепторларынан шығатын өткізгіш жолдар эстезиология
тарауында тиісті анализаторларды сипаттағанда қарастырылады. Бұл жерде тері
анализаторларының өткізгіш жолдары баяндалады.