бола бастайды: бетте сақал, мұрт, barba; қолтық астында, һігсі; қасағада, pubes, мұрын
кіреберісінде, vibrissae, және сыртқы есту жолында, tragi.
Шаш теріге еніп тұратын шаш түбірінен, radix рііі, өзекшесінен, scapus рііі, тері үстінде
орналасқан бөлігінен тұрады.
Шаш түбірі тері беткейіне қатысты бұрыштама жасап орналасады.
Оның калыңдаған бөлігі түк баданасы, bulbus ріlі аталады, оған астынан шаш емізікшесі
жанасады, papilla ріlі. шаш емізікшесі тері емізікшесінің сәл өзгерген түрі, мұның
бойымен тамырлар өтеді.
Шаш өсуі өндіруші жасушалар есебінен өтеді, олар шаш емізікшесін көмкеріп жауып
тұрады; олардың қоректенуі бұзылған жағдайда жаңа жасушалар түзілуі тоқталады; осы
кезде түк баданасы жасушалары мүйіздене бастайды да, емізікшелерден бөлектенеді, олар
түтік пішініне енеді, сөйтіп емізікшеден ажырайды, шаш солып өледіде, түседі, жаңа шаш
тек жаңа емізікшеден өніп-өсіп шыға алады.
Шаштың түбірлік бөлігі ішкі және сыртқы түбірлік кынаппен қоршалған, кынап
эпидермистің өскіндік қабатының жалғасы саналады.
Түбірлік қынап айналасында шаш фолликулы, folluiculis ріli тері эпителийінен және
дәнекерұлпадан тұрады. Шаш қалташасының дәнекерүлпасы екі қабат түзеді: сыртқы,
ұзын бойғы және ішкі, дөңгелек. Сыртқы қабатына шашты көтеретін бұлшықеттер, mm.
arrectores pilorum бекиді, олар жиырылғанда шаш өзегі көтеріледі.
Шаш милы заттегінен, substantia medularis, кабыршықты заттектен, substantia corticalis,
және кутикуладан тұрады.
Милы заттек шаш бойымен жанасып орналасады. Мамықты шаштарда ол болмайды.
Қабыршықты заттек шаштың негізін түзеді де, тартыла орналасатын мүйізді
жасушалардан тұрады, олар айнала орналасады.
Қабыршықты заттекте пигмент болады, ол шаштың түсін айқындайды.
Кутикула шашты артынан көмкеріп тұрады да, ядросыз мүйізді катпаршақтардан
кұралады.
Достарыңызбен бөлісу: