1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек



Pdf көрінісі
бет88/119
Дата06.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#79930
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   119
Байланысты:
1. Ж рек, дамуы, топографиясы, шекаралары, ж рек а па тарыны а

101. Сүт бездері, құрылысы.
Сүт бездері (mammae немесе грекше, mastos, қабынуы: мастит) – тер бездерінің 
туындысы болып саналады.
Сүт безі ер адамда қалдық түрінде өмір бойы қалады да, ал әйел адамда жыныстық 
жетілу кезеңі басталғаннан кейін үлкейіп өсе бастайды.
Сүт безі кеуденің үлкен бұлшықетінің фасциясының үстінде (алдында) орналасады, 
ол онымен борпылдақ дәнекер тін арқылы байланысқан.
Сүт безінің негізі, яғни табаны ІІІ –VІ-шы қабыртқалар деңгейінде орналасқан, ал 
медиалді шеті төстің жиегіне дейін жетеді.
Сүт безінің алдыңғы бетінде, оның орталық бөлімінен сәл төменірек 
сүт безінің үрпісі немесе емшек емізігі (papilla mammae) орналасады.
Емшек емізігінің (үрпісінің) ұшы, сонда ашылатын сүт жолдарымен жырымдалған 
және терінің пигменттелген алаңымен немесе үрпіқасы шеңберімен (areola mammae
қоршалған.
Осы шеңбер аймағында ірі бездердің орналасуынан, үрпіқасы шеңберінің (areola 
mammae) терісі бұдырлы келеді, олардың арасында ірі май бездеріде болады.
• Үрпі мен үрпіқасы шеңберінің терісінде көптеген бірыңғай салалы жазық 
бұлшықет талшықтары орналасқан, олардың бір бөлігі үрпі бойын бойлай, ал 
екінші бөлігі – циркулярлы бағытта жатады.
• Бұлшықет талшықтарының орналасу ерекшеліктеріне байланысты, олар 
жиырылғанда емшек үрпісі (емізігі) керіліп, қатайып тікірейеді, осының 
нәтижесінде нәрестенің емшек емуі жеңілдейді.
Сүт безінің өзі – 15-20 конус тәрізді, бір-бірінен дәнекер тінді аралықтармен оқшауланған, 
бөлікшелерден (lobuli glandulae mammariae) тұрады. Бөлікшелердің ұштары немесе 
төбелері радиарлы орналасып, үрпіге түйіседі.
Сүт безі өзінің құрылыс мен түріне байланысты күрделі ұяшықты-түтікті беэдерге 
жатады.
Бір үлкен бөлікшенің барлық шығарушы өзектері бірігіп, бір сүт жолын (ductus lactiferus
түзеді (орташа, барлығы 15-20 сүт жолдары болуы мүмкін).
Сүт жолдары үрпіге қарай өтеді де, оның төбесінде кішкене құйғыш тәрізді тесікпен 
аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет