Артқы түбіршіктер құрамында жұлын түйіні немесе омыртқааралық түйін, ganglion
spinale, s. intervertebrale, болуына байланысты өте ірі, тек бірінші мойын нервте алдыңғы
түбіршігі артқыға қарағанда ірілеу. Кейде құйымшак нервтің түбіршегінде түйін болмауы
мүмкін.
Алдыңғы түбіршіктерде түйін жок, жүлын нервтерінің қалыптасу жерлерінде алдыңғы
түбіршіктер тек жұлын түйіндерімен жанасып, олармен дәнекер тармақ көмегімен
байланысады. Түбіршіктердің жұлын нервіне бірігуі жұлын түйінінен латералді жүреді.
Жұлын нервтері түбіршіктері алғашында торлы қабықастындағы кеңістікке өтеді, мидың
жұмсақ қабығымен қоршалған. Мидың қатты қабығы қуысында алдыңғы және артқы
түбіршіктер арасында тісті жалғама, lig. denticulatum, өтеді. Түбіршіктер омыртқааралық
тесіктер жанында мидың барлық үш кабығымен жабылады, олар жұлын түйіндері тұсында
өзара тұтасып, жұлын нервтің дәнекер тінді қынаптарына жалғасады.
Достарыңызбен бөлісу: