1. Жүректің қабырғасының құрылысын жазып беріңіз? Жүректің құрылысы


Қолдың беткей веналарын жазып беріңіз



бет13/143
Дата15.04.2022
өлшемі0,74 Mb.
#31096
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   143
9. Қолдың беткей веналарын жазып беріңіз.

Жауабы: Қол веналары терең және беткей болып бөлінеді. Беткей немесе теріасты веналары, өзара анастомозданып, кеңтұзақты тор түзеді, оның әр жерінен іpілеу сабаулар бөліктеніп шығады. Бұл сабаулар мыналар: 1. V. серhаlicақолдың латералды теріасты венасы, қолбасы сыртының кәpі жілік бөлімінде басталып, білектің кәрі жілік жағымен шынтаққа жетіп, осы жерде v. basilica-мен анастомозданып, sulcus bicubitalis lateralis-тің бойымен жүріп, содан соң шандырды тесіп өтіп, v. аxillaris-кe құйылады. 2. V. basilicа -қолдың медиалды теріасты венасы, қолбасы сыртының шынтак жағынан басталып, білектің алдыңғы бетінің медиалды белімінде, m. flexог сагрі ulnaris бойымен шынтақ бүгілicіне дейін барып, сол жерде v. intermedia cubiti aрқылы v. сеphalica-мен анастомозданады; одан әрі sulcus bicubitalis medialis-тe жайғасып, иықтың ортасында шандырды тесіп өтіп, v. brachilis-ке құйылады. 3. V. intermedia cubitiapaлық шынтақ венасы, шынтақ аумағында v. basilica мен v. серhаlica-ны қосатын қигаш орналаскан анастомоз. Oған әдетте қол ұшының алақан жағынан және білектен қан әкелетін V. intermedia antebrachii құйылады. V. intermedia сиbiti-дің үлкен тәжірибелік маңызы бар, өйткені дәрі-дәрмек, қан құятын және лабораторлық зерттеу үшін қан алатын жер болып табылады. Терең веналар әдетте әрбір аттас артериялардың қасында екіден қосарлана жүреді. Сонда екеуден vv.brachiales, ulnares, гadiales, interosseae болады. Екі vv. brachiales, m. pеctoralis major-дың төменгі жиегінде бір-бірімен қосылып, қолтық венасын- v. axillaries түзеді, ол колтық шұңқырында аттас артериядан медиалды және алға қарай орналасып, ішінара оны жауып жатады. Ол бүғанаастынан өтіп, одан әрі v. subclavia- ға жалғасады. V. аxillaris-ке жоғарыда аталған v. сеphalica-дан басқа, а. thoracoacromialis (аттас артерияға сәйкес келеді), v. thoracica lateralis (oғaн көбінесе v. Thoracoepigastricа- iш қабырғасының ірі сабауы құяды), v. subscapularis және v. сircumflexiae humeri құйылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет