1. Жүректің қабырғасының құрылысын жазып беріңіз? Жүректің құрылысы


Бұғанаастылық артерия: топографиясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары жайында айтыңыз



бет27/143
Дата15.04.2022
өлшемі0,74 Mb.
#31096
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   143
23. Бұғанаастылық артерия: топографиясы, тармақтары, қанмен жабдықтау аймақтары жайында айтыңыз.

Бүғанаасты артериясы (a. Subclavia) жұп, бүғанаасты артериялары
алдыңғы көкіректе басталады: оң-иықбас сабауынан (truncus brahiocephalicus); сол-қолқа доғасынан (arcus aortae) басталады. Сондықтан сол бұғанаасты артериясы оңнан ұзын.
Бұғанаасты артериясы 1-қабырғаға жеткен соң, сатыаралық кеңістікке (spatium intercalenum) кіреді. Бұл кеңістікте артерия 1-қабырғада жатады. Аталған кеңістікте артерияның үстінде иық өрімі орналасады. Сатыаралық кеңістікте 1 қабырғаны орап, бұғанаасты артериясы бүғананың астында жатып, қолтық шұңқырына енеді, шұңқырда қолтық артериясы (a. Axillaris) атауын алады.

Бұғанаасты артериясын топографиялық 3 бөлімге ажыратады:
1 -бөлім – басталған жерінен сатыаралық кеңістікке дейін; 2-бөлімі – сатыаралық кеңістікте; 3-бөлімі – сатыаралық кеңістіктен қолтық шұңқырының жоғарғы тесігіне (apertura superior cavi axillaris) дейін. Бүғанаасты артериясынан бірінші бөлімде келесі тармақтар таралады: омыртқа
артериясы (a. Vertebralis), ішкі кеуде артериясы (a. troracica interna), қалқанша-мойын сабауы (truncus thyrocervicalis).

1.Омыртқа артериясы (a. Vertebralis) бұғанаасты артериясының кеуде қуысынан шыққан жерінен басталады. Омыртқа артериясы бұғанаасты артериясының жоғарғы – медиалді қабырғасынан басталып, жоғары және кішкене артқа бағытталады. Ол жалпы ұйқы артерияның артында (т. longus colli) сырткы жиегі бойымен саты – омыртқалық үшбұрышта орналасады. Ми түйінінің артқы тесіктелген затын, ми аяғын және бүйір қарыншалардың торлы өрімін қанмен қамтамасыз ететін тармақтар береді: қыртыс тармақтары (rr. Corticales),самай тармақтары, (rr.temporales), шүйде тармақтары (rr. Occipitales), төбе шүйде тармағы (r. Parietooccipitalis), орталық тармақтар ( rr. Centrales), торлы өрімнің тармағы( r. Chorioideus). 2. Ішкі кеуде артериясы (a. Thoracica interna) бұғанаасты артериясының төменгі бетінен,яғни омыртқалық артерияның (a. Vertebralis) тармақталган деңгейінде басталып, төмен бағытталады. Ішкі кеуде артериясы бұғанаасты венасының артынан өтіп, кеуде қуысына жоғарғы кеуделік тесік (apertura thoracis superior) арқылы кіреді де, I-VII қабырга шеміршектерінің артқы бетімен, төс жиегіне параллель төмен түседі. 3.Қалқанша – мойын сабауы (truncus thyrocervicalis) бұғанаасты артериясының алдыңғы – жоғарғы бетінен, сатыаралық кеңістікке кіргенге дейін басталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет