45. Көзді қозғалту (ІІІ) жүйкесі жайында жазыңыз.
Көзқимыл нерві, n.oculomotorius (III жұп), аралас нерв. Көзқимыл нервтің ядролары ми аяқшасы жамылғысында, мидың су құбырында, жоғарғы төмпешіктер деңгейінде жатады. Көзқимыл нерв ядроларының құрамына екі бүйір ядро, nuclei laterales (nuclei dorsales), бір медиалді ядро, nucleus medialis (nucleus ventromedialis), және жұп орталық парасимпатикалық ядролар кіреді. Ми затынан көзқимыл нерві ми негізіне көпірдің алдыңғы жиегі маңында, ми аяқшалары арасында, tossa interpeduncularis, аймағында көрінеді. Кейін көзқимыл нерві алға бағытталып, a. cerebri posterior және a. cerebelli superiores арасындағы саңылауда жатып, қатты ми қабығына тесіп өтеді, ішкі ұйқы артериясынан тысқары үңгірлі қойнаудың жоғарғы латералді учаскесінен өтіп, көзұяның жоғарғы саңылауы арқылы көзүя қуысына кіреді.
Көзқимыл нерв көзұя қуысына кірмес бұрын екі - жоғарғы, төменгі тармақтарға бөлінеді.
1) Жоғарғы тармақ, ramus superior, кішірек, көру нервтің жоғарғы бетімен жүріп, m. leatir palpebrae superioris және m. rectus oculisuperior, бұлшықеттеріне баратын екі тармақшаға бөлінеді.
2) Төменгі тармақ, ramus inferior, ірілеу, бастамасында ramus superior сияқты көру нервтен тысқары жатады. Төменгі тармақ көзұя қуысында үш тармақшаға бөлінеді, ішкісі, m. rectus medialis-ті, ортаңғысы, ең қысқа тармақ, m. rectus oculi inferior, және сыртқысы, ең ұзыны, m. obliquus inferior нервтендіреді. Сонымен қатар, осы тармақтан кірпіктік түйінге, ganglion ciliare, бағытталатын көз қимыл түбіршік, radix осulоmotoria, немесе қыска түбіршік, radix brevis, (парасимпатикалық ядролар жасушалары аксондарынан кұралатын) тарайды.
Көзқимыл нервтің құрамында симпатикалық өрімдерден шығатын симпатикалық талшықтар (ішкі ұйқы артериясын қоршайтын ішкі ұйқы өрімі, plexus caroticus internus) және үшкіл нервтің, n. trigeminus, тармағы көз нервінен, n. ophtalmicus-тан тарайтын сезімтал талшықтар бар.
Достарыңызбен бөлісу: |