44. Шығыршықты (ІУ) жүйкесі жайында жазыңыз.
Шығыршық нерві, n. trochlearis (IV жұп), қимыл нерві. Шығыршық нервтің ядросы ми аяқшалары жамылғысында, мидың су кұбыры түбінде, ортаңғы мидың төменгі төмпешіктері деңгейінде жатады. Шығыршық нервтері ми затынан төменгі төмпешіктердің артында, алдыңғы ми желкенінің жүгеншігінің жан-жағынан көрінеді. Әрбір шығыршық нерв ми аяқшаларын латералді жағынан орап өтеді.
Нерв ми негізіне ми сыңарының самай үлесі мен ми аяқшалары арасындағы саңылаудан шығады. Кейін шығыршық нерві алға бағытталып, қатты ми қабығына тесіп өтіп, үңгірлі қойнаудың сыртқы қабырғасына барады. Шығыршық нерв көзұяның жоғарғы саңылауы арқылы көзұя қуысына кіріп, сіңірлі сақинаның бетінде жатады, көз нервтің, n.ophtalmicus, қасында көзқимыл нервтің үстімен медиалді бағытталып, m.obliquus superior-ге барады.
Достарыңызбен бөлісу: |