1. Жүректің қабырғасының құрылысын жазып беріңіз? Жүректің құрылысы


)Бел өрімінің қысқа тармақтары жане жүйкелендіретін аймақтарын түсіндіріңіз



бет78/143
Дата15.04.2022
өлшемі0,74 Mb.
#31096
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   143
Байланысты:
Анатомия емтихан. толык

49)Бел өрімінің қысқа тармақтары жане жүйкелендіретін аймақтарын түсіндіріңіз

Қысқа тармақтары. Бұлшықеттік тармақтар (L1-S2) алмұрттәрізді, ішкі жапқыш, егіздер бұлшықетіне және санның шаршы бұлшықетіне барады.

Жоғарғы бөксе нерві (n.gluteus superior) (L4-S1) жамбас қуысынан үлкен шонданай тесігінің алмұртүстілік кеңістігінен шығып, кіші және ортаңғы бөксе бұлшықеттері мен жалпақ шандырды керетін бұлшықетті нервтендіреді .Төменгі бөксе нерві (n.gluteus inferior) (L5-S2) кіші жамбас астауынан алмұртасты кеңістік арқылы шығып, үлкен бөксе бұлшықеті мен ұршық буынының капсуласын нервтендіреді. Жыныс нерві (n.pudendus) (S1-S4) кіші жамбас астауынан алмұртүстілік кеңістік арқылы шығып, шонданай қырқасын айналып өтіп, foramen ischiadicum minus арқылы өтіп, шонданайтік ішектік шұңқырға барып, шонданай төмпесі тұсында келесі нервтерге бөлінеді: шат нервтері (nn.perineales) - шонданай-үңгір, буылтық-кеуек және шаттың беткей көлденең бұлшықеттерін нервтендіріп, шаттың сәйкес жағының терісіне тармақ береді; жыныс мүшесінің дорсалды нерві (n.dorsalis penis) – шаттың терең көлденең бұлшықетіне, несеп шығаратын өзектің сыртқы тесігінің қабырғасына, еркек жыныс мүшесінің (деліткінің) басы мен денесінің терісіне тармақ береді; тік ішектің төменгі нервтері (nn.rectales inferiores)тік ішектің төменгі бөлігіне, артқы өтістің сыртқы қысқышына және артқы өтіс айналасының терісіне тармақ береді.

50) Іш қолқасының тақ тармақтары. Олардың қанмен жабдықтайтын аймақтарын түсіндіріңіз.

Қолқаның іштік бөлігінің тармақтары висцеральді (ағзалық) және париетальді (қабырғалық) болып бөлінеді. Висцеральді тармақтар өз ретінде жұп және тақ болады.

Тақ ағзалық (висцеральді) тармақтар:

1. Құрсақ сабауы (truncus coeliacus) үшке бөлінеді: а) көкбауыр артериясы (a.lienalis) тармақтар береді: ұйқы безіне (rr.pancreatici), қысқа асқазандық артериялар (aa.gastricae breves) және шарбылық, асқазандық тармақтары бар, сол асқазаншарбылық артерия (a.gastroepiploica sinistra), б) жалпы бауыр артериясы (a.hepatica communis) бөлінеді: меншікті бауыр артериясына (a.hepatica propria) және асқазанон екі елі ішек артериясына (a.gastroduodenalis). Меншікті бауыр артериясы оң асқазандық артерия (a.gastrica dextra), оң және сол тармақтар береді, оң тармақтан өтқуық артериясы (a.cystica) шығады. Өз ретінде гастродуоденальдық артерия, жоғарғы ұйқы без-он екі елі ішек артерияларына (aa.pancreaticoduodenales superiores) және оң асқазан-шарбылық артерияға (a.gastroepiploica) бөлінеді. в) сол асқазандық артерия (a.gastrica sinistra) өңештік тармақтар (rr.oesophagealis) береді.

2. Жоғарғы шажырқайлық артерия (a.mesenterica superior). Тармақтары: а) оң жиек ішектік артерия (a.colica dextra), ортаңғы жиек ішектік және мықын-жиек ішек артерияларының тармақтарымен қосылады, б) отраңғы жиек ішектік артерия (a.colica media) оң және сол жиек ішектік артериялармен қосылады, в) мықын-жиек ішек артериясынан (a.iliocolica) шығады: құрттәрізді өсінді артериясы (a.appendicularis), жиек ішектік артерия (r.colicus) алдыңғы және артқы соқыр ішектік артериялар (aa.caecalis anterior et posterior), г) төменгі ұйқы без-он екі елі ішектік артериялар (aa.pancreaticoduodenalies), д) мықын ішектік (aa.ileales) және аш ішектік (aa.jejunales).

3. Төменгі шажырқайлық артерия (a.mesenterica inferior) төмендегідей тармақтар береді. а) сигматәрізді ішектік артериялар (aa.sigmoidei), б) сол жиек ішектік артерия (a.colica sinistra), в) жоғарғы тік ішек артериясы (a.rectalis superior)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет