1. Жүректің қабырғасының құрылысын жазып беріңіз? Жүректің құрылысы


Иық өрімінің ұзын тармақтарын атаңыз және жүйкелендіретін аймақтарын айтыңыз



бет80/143
Дата15.04.2022
өлшемі0,74 Mb.
#31096
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   143
Байланысты:
Анатомия емтихан. толык

52. Иық өрімінің ұзын тармақтарын атаңыз және жүйкелендіретін аймақтарын айтыңыз.

Иық өрімінің ұзын тармақтарын бұғанаасты бөліктің тармақтары десе де болады.

Иық өрімінің бұғана асты бөлігінің жүйкелері:

1. Бұлшықет-терiлiк жүйкесі (nervus musculocutaneus; C5-C8) иықтың алдыңғы шандырлы қынабында орналасқан бұлшықеттерді жүйкелендіреді (бүккіштерді). Бұл жүйкенің жалғасы білектің алдыңғы жоғарғы латералды бетін жүйкелендіретін білектің латералды терiлiк жүйкесі (nervus cutaneus аntеbrachii lateralis) болып табылады.

2. Орталық жүйке (nervus medianus; C6-Тh1) иық өрімінің бұғана асты бөлігінің медиалды және латералды будалардың қосылуынан құрылады. Иықта тармақтар бермейді. Білекте ол білектің алдыңғы қынабында орналасқан бұлшықеттерге (бүккіштерге) тармақтар береді. Қол ұшында орталық жүйке 3 жалпы алақан саусақ жүйкелеріне (nеrvi digitales palmares communes) бөлінеді, олар өз алдына III және IV саусақтың сыртқы бетінің терісін жүйкелендіретін, алақанның І, ІІ меншікті саусақ жүйкелеріне (nеrvi digitales palmares propri) тармақталады. Бірінші жалпы саусақ жүйкесінен үлкен саусақ төмпегінің бұлшықетін жүйкелендіретін тармақтар шығады. Бұл жүйкенің тармақтары бірінші және екінші құрт тәрізді бұлшықеттерге барады.

3. Шынтақ жүйкесі (nеrvus ulnaris; C7-Th1) иықта тармақтар бермейді. Білекте одан шынтақ буынына, білезіктің шынтақ бүккішіне және саусақтардың терең бүккіштерінің медиалды бөлігіне баратын тармақтары шығады. Саусақта жүйкенің беткей тармағы V және IV саусақтардың медиалды бетінің терісін және алақанның сәйкес бөлігін жүйкелендіреді. Терең тармағы шынашақ төмпегінің бұлшықеттерін; сүйек аралық бұлшықеттерді; III және IV құрт тәрізді бұлшықеттерді; үлкен саусақты әкелетін бұлшықетті және үлкен саусақтың қысқа бүккішінің терең басын жүйкелендіреді. Жүйкенің сыртқы тармағы — V, IV саусақтардың сыртқы бетінің терісін, ІІІ саусақтың медиалды бетін жүйкелендіреді.

4. Иықтың медиалды терiлiк жүйкесі (nervus cutaneus brachii medialis; C8-Th1) иықтың аттас бетінің терісін жүйкелендіреді.

5. Білектің медиалды терiлiк жүйкесі (nervus cutaneus antebrachii medialis; C7-Th1) білектің медиалды бетінің терісін жүйкелендіреді.

6. Кәрі жілік жүйкесі (nervus radialis; C7-С8) иықта иық-бұлшықет өзегінен өтіп, иықтың артқы шандырлы құндағында орналасқан бұлшықеттерді (жазғыштарды) жүйкелендіретін: иықтың артқы терiлiк жүйкесін (nervus cutaneus brachii posterior), иықтың төменгі латералды жүйкесін (nervus cutaneus brachii lateralis inferior) және білектің артқы терiлiк жүйкесі (nervus cutaneus аntеbrachii posterior) тармақтарын береді.

7. Қолтық асты жүйкесі (nеrvus axillaris;С5-C8) төртжақты тесік арқылы өтіп, дельта тәрізді, кіші дөңгелек бұлшықетті және иық буынының қапшығын жүйкелендіреді. Соңғы терiлiк тармағы иықтың жоғарғы латералды терiлiк жүйкесі (nеrvus cutaneus brachii lateralis superior) болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет