57.Нейронның құрылысы мен жіктелуін жазыңыз.
Нейрон (neuron) - нерв жасушасы, денесі мен өсінділерден тұрады, өсінділердің біреуі ұзын - нейрит немесе аксон жэне қысқа өсінділері - дендриттер. Нейрон - жоғары мамандандырылған жасуша, ол тітіркенуді қабылдап, оларды өңдеп, басқа нейронға немесе жұмыс ағзасына өткізеді.
Нейрон өсінділерінің санына байланысты морфологиялык келесі түрлері ажыратылады: мультиполярлы - өсінділерінің саны көп, биполярлы - екі өсіндісі бар және униполярлы - бір өсінділі, кейін Т пішінді бөлінеді. Дамудағы нерв жүйесінің кұрамына кіретін нейрондар, өздерінің өсінділері арқылы ми немесе жұлынның әртүрлі бөлімдерінің арасында байланыстар орнатады, оларды тұйықталған (ассоциативті) нейрондар деп атайды немесе нерв жүйесімен басқа ағзалар арасында байланыстарды жүзеге асырып, рецепторлық-сезімтал немесе аффекторлы және эффекторлы нейрондар түзеді.
Құрылысы мен атқаратын қызметіне қарай нейрондар 3 түрлі болады:
Cезгіш - рецепторлер қызметін атқарып қозуды сезім мүшелерінен орталық жүйке жүйесіне жеткізеді.
Байланыстырғыш - қозуды сезгіш нейрондардан қозғалтқыш нерондарға өткізеді.
Қозғалтқыш - қозуды орталық жүйке жүйесінен бұлшық еттер мен бездерге жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |