Ән: «Мама» әні. Орындайтын Серікұлы Нұрбек.
1- жүргізуші:
-Жандос, менің таң қалатыным, анам үйде барлық тірлікті істеп, одан қала берсе жұмысқа да барып үлгереді ғой.
2- жүргізуші:
-Иә, мен мектептен келсем, тамағым да дайын , үй де жинаулы мұның бәрін қалай үлгереді екен?
1- жүргізуші:
-Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады , олар барлық шаруаны бітіреді,сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, біздің бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі.
2- жүргізуші:
- Олай болса аяулы аналарымызды бір сынап көрелік.
1-жүргізуші:
-Ол үшін «Аялы алақан» атты ойынымызды ойнап жіберсек. Ойыннын шарты бойынша аналарымыздың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларын тапқызу.
1-жүргізуші:
Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей би билеші,
Қол соғып, демеу берсе көрермендер!
Сахнада «Вальс биі» қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: Арамызға аяулы аналарымызды көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтау үшін «Көктем аруы» өз достарымен келіпті. Олай болса қонақтарымызды ортаға шақырайық.
«Көктем аруын» қарсы алу.
Музыканың сүйемелдеуімен ортаға көктем аруы болып киінген оқушы қыз достарымен шығып, аналар мен балаларды көктемнің мерекесі-аналар күнімен құттықтайды.
Көктем аруы: Ана – жүрек, жүрегіңді құрметте,
Ана – тірек, тірегіңді құрметте.
Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет,
Ана – күнің, күніңе табынып өт.
Бүкіл әлемнің әдемілігі, бар тіршіліктің мәні «Ана» деген осы ұғыммен өзектес жатқан секілді. Өмірдегі ең қадірлі ең сыйлы, ең мейірімді адам – ана! Ана сөзі барлық тілде де қасиетті, нәзік, жылы сөз. Ал, аналар мейрамы – адамзат мейрамы. Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы ұрпағының бойына адамдық асыл қасиеттерді дарытып, ұлы мен қызын үкілеп өсіретін аналарымызды бүгінгі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
1-оқушы:
Ана тұрса құшаққа алып баласын,
Бақыт, шаттық белгісіндей жарасып.
Қабағыңды кірбің шалмай өмірде
Қуанышқа кенеле бер, анашым.
2-оқушы:
Аяулы да алтын нұрлы анашым,
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.
Сен асқарсың, сен аспансың, биіксің,
Сен дарқансың, сен жомартсың, данасың.
3-оқушы:
Ана десем сезім билеп тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананвң мейірімін,
Орнар еді бар әлемге тыныштық.
4-оқушы:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген-бәйтерегі өмірдің,
Ана деген-алтын қазық, алтын бақ.
1-жүргізуші:
Жасынан сүйіп өскен балапаның,
Бір сенің сенім артқан балапаның
Бір сәтке ұмытатын қиындықты,
Сипаса маңдайымнан алақаның.
Ортада Абишбекова Арай «Мамочка моя» әнімен
Достарыңызбен бөлісу: |