1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т


§25.3. Бд-200 машинасында жартылай өңделетін затты дайындау ерекшеліктері



бет38/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   98
§25.3. Бд-200 машинасында жартылай өңделетін затты дайындау ерекшеліктері

Машинаның пневмокамерасында қоқыс қоспалардың немесе шатасқан талшықтардың түсіп кетуіне байланысты иіру үрдісі бұзылып, үзілістер болады. Сондықтан, өңделетін затты тиянақты дайындау қажет және бұл машинада созу өте жоғары дәрежеде орындалатын болғандықтан жіп таспадан бірден иіріледі.


Жартылай өңделген затты пневмомеханикалық жіп иіру жүйесіне дайындағанда қоқыстардан әбден тазарту қажет. Екі рет таралудан өтуі және сызықтық тығыздығы автоматты реттеуші бар таспалық машиналардан өтуі қажет.
Пневмомеханикалық иіру тәсілінде үздіксіз және үш өтпелі үрдіс, яғни үздіксіз желі «буда-таспа», таспалық машина және БД-200 машинасы қолданылады.

§26. Аппараттық иіру жүйесі және онда қолданылатын шикізат түрлері


Жіп иіру, мата тоқу және трикотаж бұйымдарын шығаратын кәсіпорындарда қалдықтар көп жиналады. Олардың құрамында қысқа, ұзындығы 20 мм дейінгі иіруге жарамды талшықтар да болады.


Иіру өндірісінің қалдықтарының басым бөлігі қысқа және әртүрлі болады.
Тарау қалдықтар, жаңғақтар, шатасымдар және жіп шеттері сызықтық тығыздығы үлкен жіптер алуға, ал басқа қалдықтар түрлері мақта шығаруға қолданылады. Мұндай шикізат түрлері қысқа талшықтардан тұратын болғандықтан, иіруге дайындауды созу тәсілі арқылы орындау мүмкін емес. Сондықтан, затты жіңішкерту үшін бөлу тәсілі қолданылады. Бұл тәсіл екі немесе үш тарау машиналары тізбекпен орнатылған аппаратта орындалады. Осы тәсілмен алынған жіп аппараттық жіп деп аталады.
Қорыта айтқанда, аппараттық иіру жүйесінің тағайындалуы қалдықтар мен төменгі сортты мақта талшықтарын, олардың химиялық талшықтармен қоспасын өңдеу болып саналады.
Бұл жүйе бойынша өнімді жіңішкерту тарамдаумен орындалады. Аппараттық жіптің құрылымы бос, үлпілдек және беріктігі төмен болады. Жіптің сызықтық тығыздығы 50 текстен үлкен болады. Осындай жуан жіптерді иіру үшін аппараттық жүйенің артықшылығы бар, өйткені өңдеу бағасы едәуір арзандайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет