§21.1. Сақиналы жіп иіру машинасы
Сақиналы иіру машинасының техологиялық сұлбасы 28-суретте көрсетілген.
28-сурет. Сақиналы жіп иіру машинасы
Созба катушкалардан (1) бағыттағыш шыбыққа (2) оралып түседі де, жетектегіштің (3) көзінен өтіп, созу аспабына (4) келіп түседі. Жетектегіш қамтушы цилиндрдің өсі бойымен қайтымды-үдемелі қозғалыс жасап тұрады. Созу аспабында созу ширатпасын жоғалтып жапсарлас затқа айналады. Созылғанан кейін шығару жұбынан (5) жүгірткуіге (7) дейінгі түсу жолында жапсарлас зат ширатылады да, ұршыққа (6) кигізілген шөлмекке немесе патронға оралады. Ұршық қаңылтыр барабанан (8) айналыс алады. Созу аспабының алдыңғы циилндрінен шыққан жапсарлас зат үзілгенде оны патрубок (9) сорып алады. Түтінше ауа жүретін құбырмен (10) байланысқан, сондықтан талшық арнаулы жинағышқа әкетіледі.
§22. Негізгі технологиялық үрдістер – ширату, орау
Иіру машинасының ширату-орау механизмінің сұлбасы 29-суретте көрсетілген.
Шөлмек кигізілген ұршық (3) 8-12000 мин1 жылдамдықпен айналады. Беті тегістелген жиекті сақина (4) тақтайшаға (5) бекітілген. Сақинаның бойымен жүгірткі (6) қозғалып тұрады, ал қозғалыс машинаның жұмыс үрдісінде жоғары және төмен қайтымды-үдемелі қозғалыс жасап тұратын таяқшадан беріледі. Жіп өткізгішке (2) және жүгірткіге (6) сабақталған жапсарлас зат шөлмекке бекітіледі. Ширату білікшесінен (1) жүгірткіге (6) дейінгі жол бөлігінде жіпті ширату орындалады. Ширату шөлмек кигізілген ұршық айналғанда жіп тартылып, жүгірткішті өзімен бірге тартады, оны сақинаны айналуға мәжбұр етеді.
29-сурет. Сақиналы иіру машинасының ширату-орау механизмінің сұлбасы
Жүгірткі сақинаның жиегіне үйкелгендіктен ұршықтан қалып отырады, сондықтан жіп жүгірткіге оралады.
Заттың бір шеті созу аспабының алдыңғы жұбымен басылып (қысылып), ал екінші жүгірткімен бірге айналатындықтан қысылған нүктеден және алдыңғы жұппен жүгірткіге дейінгі бөлікте заттан ширатпа алады.
Егер жүгірткінің салмағы керекті мөлшерден жоғары болса, оның сақинаға үйкеліс күшейіп, жіп тартылады да, үзіліп кетеді. Сондықтан иірілген жіптің сызықтық тығыздығына және оның үзу жүктемесіне байланысты жүгірткінің берілген салмағы мен нөмері таңдап алынады.
Жіптің шөлмекке қабатталап оралуы сақина тақтайшасының (5) ұршық өзінің бойымен берілген шамамен жоғары және тақтайшасы біртіндеп жоғары ығысып тұрады да, жіптің оралғыштан сырғып түсіп қалмайтындай оралуын қамтамассыз етеді. Жіптің жүгрткімен бірге айналуы баллонның (7) пайда болуына әкеп соғады. Баллондардың жіптері бір-бірімен шатасып ктпес үшін ұршықтардың арасына пластикалық немесе сақиналы жіп бөлгіштер қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |