§6.1. Тізіп орау машиналарының құрылымы
және жұмыс принципі
СП типті партиямен тізбе орау машинасының сұлбасы 36-суретте көрсетілген.
Иіршік орнатпада (1) конусты бобиналар (2) орнатылады. Бобиналардан төгілген желі жіптері (3) жіп тартқыш (4) және дыбыс беру аспабы (6) арқылы өтеді. Жіп үзілгенде дыбыс беру аспабы іске қосылады. Одан кейін жіптер екі шыны шыбықтардың (6) арасына, бөлгіш қатардан (7), өлшегіш білікті (8) айналып өтіп тізбе орағыш білікке жіберіледі. Тізбе орағыш білікке оралатын жіпті тығыздау үшін және орау қалпын дұрыс жасауға біліктің бетіне арнайы аспап көмегімен сырғанағыш білік (10) жабысып тұрады. Ол қозғалысты білікке үйкелісу арқылы алады.
Қатар тізбе орау білігі (7) жіпті ені бойынша біркелкі бөліп тұрады. Ол металдан жасалған тарақтардан тұрады. Тарақтар жылжымалы өзара шарнирмен бекітілген механизмге орнатылған.
1 2 3 4 5 6 7 8
10 9
36-сурет. Сп типті партиямен тізбе орау машинасының сұлбасы
Өлшегіш білік (8) тізіп орау ұзындығын есептегішке қозғалыс береді. Ең жоғары орау ұзындығы 1000000 м. Тізіп орау жылдамдығы 500-800 м/мин немесе одан да жоғары болуы мүмкін. Сондықтан үзілген жіптің шеті білікке шатасып оралып кетпес үшін машина тез тоқтатылуы қажет. Ол үшін күшті тоқтатқыштар орнатылады, оларға қалыпты автомобильдің тежегіштері қолданылады. Машинаның тоқтағыш жүйесіне барабанның, тізбе орағыш және өлшегіш біліктердің тоқтатқыштары кіреді. Олар машинаны жұмысқа қосу және тоқтату механизмімен бір уақытта басқарылады.
Үзілген жіптің шетін тез тауып алу үшін машина тоқтағанда иіршік орнатпаның алдыңғы жағында бірден белгі беретін шам жанады. Ол қандай көлбеу қатарда жіптің үзілгенін көрсетеді.
Қазіргі уақытта фабрикаларда СП-180 және СП-140 стізбе орау машиналары жұмыс жасайды. Олар тек қана жұмыс енімен айырмашылығы бар. Таспалық тізіп орау машинасы (37-сурет) күрделі өрнекпен түсті желі жіптерін дайындауға қолданылады. Бұл әдіс бойынша үзіліспен тізуге арналған иіршік орнатпалар қолданылады.
Желі жіптері қозғалмайтын конусты бобинад\лармен төгіліп, жіп тартқыш аспаптан, өздігінен тоқтатқыштың ілмектерінен, бағыттағыш білікшелер (1,2) арасынан, бөлгіш қатардан (3), суппорт қатарынан (4) өтіп, бағыттаушы білікшелерді (5,6) айналып, таспа түрінде тізбе орағыш барабанға оралады.
37-сурет. Таспалық тізіп орау машинасының сұлбасы
Бөлгіш қатар (3) желі жіптерін барабанға (7) бағыттайды, оларды топтарға бөлуге мүмкіндік береді.
Ттаспалық тізіп орауда толық желісі бірнеше таспадан қалыптасады. Сондықтан тізбе орау барабанына (7) бірінші таспамен екінші, үшінші т.б. таспа салынады. Барабанға толық оралған таспаның қимасы параллелограмм болады.
Таспаның барабанға дұрыс оралуы үшін суппорттың және барабанның конус бұрышының жылжу жылдамдықтарын дұрыс таңдап алу қажет.
Ол үшін бөлгіш қатар (3), суппорт қатары (4), бағыттағыш білікшелер (5,6) бекітілген суппорттың столы винттің (10), тісті дөңгелектің (11) және шығыршықты (12) көмегімен бағыттағыш брустың 13 бойымен қозғалып тұрады.
Сонымен тізбе орағыш барабанның әрбір айналымында суппорт (14) винттің көмегімен әрбір таспа қабатының шеткі сол жақ жібі конустың бетінде жататындай етіп, таспаны барабанның конусына ығыстырып тұрады.
Барабанның әрбір айналымы жіптің есептелген ұзындығына сәйкес. Ұзындықты есептегіш көрсетеді.
Керекті ұзындыққа жеткеннен кейін машина автоматты түрде тоқтайды.
Барлық таспаларды тізбе орағыш білікке орап аланан кейін оларды бір уақытта тізбе орағышқа қайта орайды. Желі жіптер бағыттағыш білікті айналып өтіп, тоқу тізбе орағышқа оралады.
Достарыңызбен бөлісу: |