1. Кіріспе Аса қауіпті жұқпалы аурулар


Ішекте болатын құрт аурулар



бет3/8
Дата11.05.2023
өлшемі100,85 Kb.
#91803
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Аса қауіпті жұқпалы аурулар

Ішекте болатын құрт аурулар
Адам ағзасында пішіні мен мөлшері түрліше ішек құрттардың тіршілік етуі мүмкін. Ішек құрттарының көпшілігі жабайы және үй жануарларының ішкі мүшелерінде тіршілік етеді. Ішек құрттары өз иелеріндегі дайын тағамдық заттармен қоректеніп, у бөледі. Бөлінген у ағзаны улап, түрлі ауруға шалдықтырады. Ішек құрттарымен зақымданган ауруларға тән белгілер : тез шаршайды, басы ауырады, лоқсиды, құсады. Кейде қаназдық ауруына да шалдығуы мүмкін. Ішек құрт аурулары кейде сырттай білінбегенімен, адам ағзасына көп нұқсан келтіреді. Адам ағзасы көбіне таспакұрттар, ішексорғы, қылқұрттар, эхинококкпен зақымданады.
Ішек кұрттар өте өсімтал келеді. Қолды таза жумау, көкөністер мен жемістерді жумай жеу де ішек құрттарының таралуына себеп болады. Ішек құрттары жабайы және үй жануарлары арқылы да таралады. Етті, балықты шала пісірген кезде де, ішек құрттары тіршілігін жоймайды. Балаларда қылқұрттар кір қол, тырнақтары, лас киім, төсек-орын арқылы таралады. Ішек құрттарынан сақтану үшін әрбір адам өзінің жеке басының тазалығына зор мән беру қажет. Сонымен бірге көпшілік орындарда ( мектепте, аулада және т.б.) да гигиеналык талаптар қ атаң сақталуы тиіс.
Эхинококк
Тағаммен улану тез арада байкалады. Тамақпен уланудың басты белгілері : іш ауырады, локсиды, құсады, іш өтеді, жалпы әлсіздік байқалады. Кейде адамның дене кызуы көтеріледі. Тамақпен уланған кезде алғашқы көрсетілетін жедел жәрдем - ішекті, қарынды жуып тазалау. Ішті тазалау үшін жылы суға ас содасын ( кейде марганцовка ерітіндісін ) косып ішкізеді. Бұл кезде бір стакан суға толық бір шай қасық ас содасы араластырылады. Ішті тазалауды бірнеше рет қайталау керек. Іш тазаланғаннан кейін ауру адамға қою шай беріп, төсекке жатқызады. Тамақтан уланудан сақтану үшін: тағамдық заттарды көбіне тоңазытқышта ұстау; жылы жерде сақталған шұжық, қалбырлы ыдыстағы сүрлемелерді пайдаланбау керек.
Кейде білместіктен улы саңырауқұлақтарды пайдаланудан да уланып калады. Сондықтан да саңырауқұлақ жинағанда өте абай болу керек. Жеуге жарайтын саңырауқұлақтарды алдымен тазалап, жуып, содан кейін қайнатады. Қайнатылғаннан кейін ғана қуыруға, тұздауға болады. Кейде балалардың білмегендіктен улы өсімдіктердің тұқымдары мен жемістерін жеп улануы да мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет