1. Кіріспе Аса қауіпті жұқпалы аурулар



бет8/8
Дата11.05.2023
өлшемі100,85 Kb.
#91803
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Аса қауіпті жұқпалы аурулар

Сақтандыру. Тырысқақпен ауырғандарды ертерек және белсендi анықтау, оқшаулау және емханаға жатқызу, вибрионның бар жоғын анықтау және оны оқшаулау. Санитарлық-карантиндiк шараларды ұйымдастыру. Ошақтағы дезинфекция мен дезинсекция, тамақтану сумен жабдықтауға медицина бақылауды күшейту. Арнайы сақтандыру үшiн тырысқақ вакцинасы қолданылады.
Аса қауіпті қоздырғыштар қоршаған ортаға таралған кездегі халықтың іс әрекеті
Улағыш заттар (УЗ) химиялық қарудың негізін қүрайды. Химиялық қарудың әсерінен адамдар мен малдардың жаппай зақымдануы болған аумақ химиялық зақымдану ошағыдеп аталады.
УЗ зақымдау әсерінің белгілі ерекшеліктері бар. Олар қысқа мерзімде адамдар мен малдарды жаппай зақымдандыруы мүмкін. УЗ тек аумақты ғана емес, сондай-ақ жер үстіндегі ауа қабатын да зақымдайды. Бу (газ) тәріздес күйде, түман түрінде УЗ ғимараттарға, қымталмаған қорғаныс панаханаларына еніп, адамдарды зақымдайды. УЗ зақымдағыш әсерін бірнеше сағат, тәулік, апта бойында сақтайды.
Зілзала, өндірістік авариялар болған уақытта, осы заманғы зақымдау қүралдары қолданылған кезде химиялық зақымдау ошақтары қатты әсер ететін улы заттардың (УЗ) ыдыстарының қирауы нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Улағыш заттардың жіктелісі
Барлық УЗ организмге улылық әсерінің сипаты бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
♦ жүйкені жансыздандыратын УЗ — фосфорорганикалық заттар (ФОЗ) тобы — зарин, зоман, V — газдар;
♦ жалпы улағыш әсері бар УЗ — көгілдір қышқылы,хлорциан;
♦ терінің қүрысуына әсер ететін УЗ — иприт, люизит;
♦ түншықтырғыштық әсердегі УЗ — фосген, дифосген;
♦ көздің жасын ағызатын және тітіргендігіштік әсері бар УЗ — хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит СЗ (си-эс);
♦ психохимиялық әсер ететін УЗ — ДЛК және В2 (би-зет) лизергин қышқылының диэтиламиді;.Аэрозоль бу түрінде қорғану нашар үйлерге, бөлмелерге кіріп кеттеді.Ір түрлі жағдайда ір түрлі органдарда тұйық желсіз жерлерде ұзақ сақталу мүмкін.Улы заттармен зақымдану жолдары:Уланған ауамен демалғандаУлы тамшылардың теріге не көзге тиюіУланған заттарды ұстағанда уланған азық-түлікті не суды пайдаланғанда.Улы заттардың ішіндегі көп кездесетіні әрі қатерлісі Хлор мен аммиакУЗ улылық жіктелісі бойынша былай бөлінеді:
♦ өлімге ұшырататын — (зарин, зоман, V — газдар, көгілдір
қышқылы, иприт, люизит, фосген);
♦ уақытша есті тандыратын — ДЛК, В2; 
♦ тітіркендіретін — хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит СЗ.
Алдын алу шаралары
буферлік аймақ - қолайсыз аумақ пен инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында жануарларды жүйелі түрде вакцинациялау және басқа да іс-шаралар жүргізілетін бақылау аумағы арасында белгіленген аумақ;
1) далалық материал - қоздырғыштың айналымын анықтау мақсатында оларға зертханалық зерттеу жүргізу үшін алынған зооноздық инфекциялар қоздырғыштарының таратушылары мен тасымалдаушылары, қоршаған орта объектілері;
2) жағдайды стандартты айқындау - болжалды, ықтимал, расталған жағдай - әртүрлі уақытта және әртүрлі аумақта алынған эпидемиологиялық қадағалау деректерін салыстырмалы талдау үшін инфекциялық аурулар туралы есепке алу мен есептіліктің стандарттылығын және бірізділігін қамтамасыз ету;
3) инфекциялық ауру қоздырғышының резервуары - патогенді микроорганизмдердің биологиялық иелері, сапроноздар үшін - қоршаған орта объектілері (топырақ, су);
импрегнация - қансорғыш жәндіктер мен кенелердің адамға түсуін болдырмау мақсатында сыртқы киімді инсектицидтермен немесе репелленттермен өңдеу;
4) механикалық күресу әдісі - пестицидтерді (улы химикаттарды) қолданбастан, инфекциялық аурулар қоздырғыштарының таратушылары мен тасымалдаушыларын жоюдың агротехникалық іс-шараларын, механикалық құрылғыларды, жабысқақ массаларды және басқа да тәсілдерді пайдалану;
Қорытынды: Қорыта келгенде, бұл аурулардың алдын алу үшін, одан біріншіден тазалық сақтау керек. Адамдар әр түрлі спортпен шұғылдануы қажет. Сол кезде ғана адам барлық ауруларға қарсы тұра алады.
Қолданылған әдебиеттер: «Тіршілік қуіпсіздігі» ІІ-кітап.
И.Сайдулдин «Індеттану»

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет