1. Кіріспе Аса қауіпті жұқпалы аурулар



бет6/8
Дата11.05.2023
өлшемі100,85 Kb.
#91803
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Аса қауіпті жұқпалы аурулар

Құтырма
Құтырма – вирус арқылы таралып, тез өрбитін жұқпалы ауру. Бұл ауру адам баласына ерте заманнан бері таныс болғанымен, әлі күнге дейін ауруды тудыратын қоздырғышқа тікелей әсер ететін емі жоқ қауіпті аурулардың қатарына жатады.  Бұл дерт елімізде де күрделі мә­селелердің бірі. Дүниежүзінде жыл сайын құтырма ауруынан 55 мың адам қайтыс болады. Гидрофобия­мен ауырған 55 мың адамның 99 пайызы ауруды ит пен мысықтан жұқтырған. Қазақстанда соңғы 5 жылда тіркелген 41 құтырма ауруының 23-і – Оңтүстік Қазақстан облысын­да, 6-ы – Қызылорда облысында, 3-і– Батыс Қазақстан облысында, ал Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қа­рағанды облыстарында – 2-ден және 1 жағдай Атырау облысында тір­келген. Бұл облыстар құтырма ауруының негізгі ошағы болып тұр. Құтырма ауруымен ауырған 41 адамның ішінде 14 жасқа дейін­гі балалар – 12 (29,3%) және жасөс­пірімдер – 3 (7,3%). Айта кетерлік жай, үй жануарынан жарақат ал­ғаннан кейін адамдар дәрігерге қаралмаған. Құтырма ауруы, әдет­те үй жануарларынан (ит, мысық) жұғады және соңғы 5 жылда жа­нуарлардың бұл категориясы бар­лық жұқтыру көзінің 95,7 пайы­зын құрады. Бұл белгілі бір деңгейде үй жануарларына құтырмаға қарсы екпенің жеткіліксіз жүргізілуінен, оларды күтіп-ұстау ережесінің сақталмауынан және қаңғыбас ит пен мысық санын азайту мақса­тындағы жұмыстардың төменгі деңгейде жүргізілуінен болып отыр. Ауру белгісі үй немесе жабайы жануарлардан жарақат алған соң 10 күн мен 1 жыл аралығында, кей­де 1 жылдан астам мезгілде байқа­лады, көбіне 20 – 60 күннің ішін­де адам­да құтыру белгілері анық­талады. Аурудың қоздырғышы адамдар­ға ауырған жануарлардың сіле­кейі арқылы жұғады. Ауруды та­ра­тушы жабайы жануарлар: қасқыр, түлкі, қарсақтар. Олар ірі қа­ра, жылқы, қой, ешкілерге, ит пен мы­сыққа ауру жұқтырады.
Соңғы 5 жылдағы қайғылы жағдайлар­дың негізгі себептері құтырған үй жануарларының тістеуінен орын алған. Сондықтан ит қауып, мысық тістеп алған жағдайда міндетті түрде дәрігерге көріну қажет. Неғұрлым ерте жасалған ем соғұр­лым нәтижелі болмақ. Құтырма ауруы белгілі бір мерзімді талғамайды, жылдың кез кел­ген уақытында кездеседі. Құтырмамен ауырған адамдар суды көрсе, судың сылдырын, тіпті су деген сөзді естісе, оларда қорқыныш пайда болып, артынан жұтыну қабіле­тінен айырылып, қатты қиналып қайтыс болады. Сондықтан да бұл ауруды «гидрофобия» немесе « судан қорқу » деп те атайды. Құтырмамен ауырған жануарлардың мінез-құлқы, жүріс-тұрысы әдеттегіден өзгеріп, оларда оғаш қылық пайда болады : мысалы, ит себепсіз үріп немесе еңсесі түсіп, адамға, малға, заттарға себепсіз тап беріп, өзін-өзі тістеп, тамақ ішпей, көзіне көрінген заттарды : ағашты, тасты, сабынды тістеп шайнайды. Үрген дауысы қырылдап, аузынан сілекей мол бөлінеді. Егер ауырған ит босанып кететін болса, ол бұрылмай, тура жүріп, жолдағы кездескен жануарлар мен адамдарды алдын ала ырылдамай-ақ, бір­ден тістейді. Бұл аурумен ауырған ит ауру басталғаннан кейін 5 немесе 6-ы күні өледі. Қазіргі кезде көрсетілетін антирабиялық көмек ( арнайы иммуноглобулин мен вакцина) бұл аурудың алдын алуда өз септігін тигізеді. Айта кетерлік жай, Алматы қа­ласында жылдан-жылға қаңғыбас иттер мен мысықтардың көбеюі­не байланысты адамдардың ан­ти­рабиялық көмек сұрау көрсеткіші жоғары деңгейде.  Алматы қаласында тек 2013 жы­лы жануарлар тістеп, тырнап, сілекейінен зардап шеккен 4801 адам қаралды. Былтырғы көр­сеткіш 2012 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 0,6 пайызға өскен. Алматы қаласы бойынша анти­рабиялық екпелердің 96,2 пайызы үй жануарларының тістеуінен, әсіресе, иттердің тістеуінен 86,2 пайызы тағайындалған. Бұл белгілі бір деңгейде үй жануарларын күтіп-ұстау ережесінің сақталмауынан және қаңғыбас ит пен мысық санын азайту мақсатында жүргі­зілетін жұмыстардың төменгі деңгейде жүргізілуінен болып отыр. Көп жағдайда ит қапқан 14 жасқа дейінгі балалар жиі қаралады, ол 31,1% құрап отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет