1. Кіріспе. Биология ғылымының тарихи және зерттеу нысандары


Жасуша биологиясына кіріспе



бет15/42
Дата25.05.2022
өлшемі144,87 Kb.
#35602
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42
Байланысты:
Био кіріспе сессия

21. Жасуша биологиясына кіріспе
Жасуша - тірі организмдердің (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі.
«Жасуша» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук (1635 – 1703) енгізген. Роберт Гук өсімдіктерді микроскоп арқылы қарап отырып,олардың ұлпаларынан ара ұясы тәрізденген құрылысты тапқан.Ол осы ұяларды грек сөзімен “целлюлла“- “жасуша” деп атады.
Жасуша теориясының негізгі қағидалары төмендегідей:
1.Жасуша-барлық тірі ағзалардың ең кіші негізгі өлшемі;
2.Әр түрлі ағза жасушаларының құрылысы,химиялық құрамы,зат алмасуы және негізгі тіршілік әрекеттері ұқсас.
3.Жасушалар бастапқы (аналық) жасушаларының бөлінуі арқылы пайда болады.Ағзалар жасушаларының құрылысына қарай екі топқа бөлінеді: біріншісі - прокариоттар, бұларға ядросы болмайтын көк - жасыл балдырлар мен бактериялар жатады. Екіншісі - эукариоттар, бұларға ядросы мен арнайы қызмет атқаратын органоидтары бар ағзалар жатады.

22.Жасушадағы зат және энергия алмасу
Жасушадағы зат алмасу. Зат алмасу процесі дегеніміз – тірі организмдегі белгілі бір тәртіппен кезектесіп жүретін әр түрлі химиялық реакциялардың жиынтығы. Тірі жасушадағы зат алмасу процесі үздіксіз жүріп жатады. Зат алмасу немесе метобализм екі сатыдан - катобализм және анобализмнен тұрады.
Катабализм (ыдырау реакциясы). Энергиясы мол органикалық заттардың ыдырауын катобализм деп атайды. Жасуша сыртқы ортадан энергиясы мол органикалық заттарды қабылдайды.
Катоблизм кезіндегі бөлініп шыққан энергияның бір бөлігі – еркін энергия, яғни АТФ түрінде сақталады. Екінші бөлігі, энергияға бай сутек атомын қосып алған «коферемент» НАДФ*Н түрінде сақталады.
Катаболизм Анаболизм
2. Катабализм (ыдырау реакциясы)

Анаболизм (синтез реакциясы). Анаболизм процесі кезінде катаболизм реакциясының нәтижесінде түзілген заттар, атап айтқанда аминқышқылдары, моносахаридтер, май қышқылдары мен азотты негіздер және АТФ пен НАДФ*Н энергиясы жұмсалып әр түрлі макромолекула синтезделеді. Анаболизм – организмнің тіршілігін жойғанға дейін үздіксіз жүретін күрделі процесс.

23.Жасушаға дейінгі және ядроға дейінгі формалар
Вирус (лат. vīrus - «у») – тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан – кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет