1. Кіріспе. Биология ғылымының тарихи және зерттеу нысандары


Органикалық әлемнің көптүрлілігі



бет23/42
Дата25.05.2022
өлшемі144,87 Kb.
#35602
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42
Байланысты:
Био кіріспе сессия

34. Органикалық әлемнің көптүрлілігі
Органикалық дүние – Жер бетінде тіршілік етіп, жойылып кеткен және осы кезде тіршілік етіп жатқан организмдердің жиынтығы. Ресми деректер бойынша қазіргі кезде саңырауқұлақтардың 100 мыңнан астам, өсімдіктердің 500 мыңдай, жануарлардың 2 млн-ға жуық түрлері тіршілік етеді.Органикалық дүние бірнеше тіршілік деңгейлерінен құралады. Ең қарапайым тіршілік деңгейі – молекулалық, ал ең үлкен тіршілік деңгейі – биосфералық деңгей деп аталады. Органикалық дүниенің эволюциялық даму барысында ең жоғары, ең соңғы сатыда тұрғаны – саналы адам (Homo sapіens). Тірі организмдердің қазіргі биосфералық дамуы ноосфера деңгейіне көтерілгендігін дүниежүзі ғалымдары мойындайды.

35. Көбею формалары.
Көбею - тірі ағзалардың ортақ қасиеті. Көбею жолдарының барлығын екі үлкен топқа бөлуге болады. Ол: жыныссыз және жынысты жолмен көбею. Жыныссыз көбею - көбеюдің ертеректегі жолы. Ең алғашқы тірі ағзалар - біржасушалы прокариоттар осылай көбейді. Жыныссыз көбейген кезде жыныс жасушалары - гаметалар түзілмейді. Бұл үдеріске бір аналық дарақ немесе жасуша қатысады (сөз біржасушалылар туралы болған кезде). Жынысты көбею формалары және олардың сипаттамасы:
Өсімдіктердің ұрықтанбай көбеюі (партеногенез). Мұндай көбею кезінде ұрықтану болмайды, ұрық ұрықтанбаған жұмыртқажасушадан дамиды. Ұрыктанбай көбейгенде аталық дарақтар катыспайтындықтан аналық дарақтың әр алуан ата тектерінің белгілерін құрамдастыруға ғана мүмкіндік болады. Бақбак, темекі мен қызылшаның көптеген іріктемелері, орхидеяның кейбір түрлері бұған мысал бола алады. Жануарларда бітелер мен дафниялардың жазғы ұрпақтары осылай көбейе алады. Паразит құрттар формасының көпшілігі осы жолмен көбейеді. Ондай кезде иесінің ағзасындағы дернәсілдер ұрықтанбастан келесі ұрпақтарды береді.
Қосылу үдерісі (конъюгация). Бактериялардың қосылу (коньюгация) арқылы көбеюі. Бұл - бактериялардың генетикалық материалдар алмасу жолдарының бірі. Шартты түрде «аталық» деп есептелетін бір бактерия өз ДНҚ-сын шартты түрдегі екінші «аналык» бактерияға береді де өзі өледі. «Аналық» бактерия екі ДНҚ молекуласын құрамдастырып, соңынан қарапайым бөліну арқылы көбейеді. Қосылу арқылы көбеюге ұшыраған жасуша ұрпақтары ата-енелерінің екеуіне тән белгілерге ие болады. Бұдан келесі ұрпактардың өзгергіштігі және тіршілікке бейімділігі артады.
Басқа организмдердің жыныссыз жолмен көбеюіне қарай вегетативті көбею және спора түзу арқылы көбею деп ажыратылады. Вегетативті көбеюде-аналық организмнен ажырап қалған бөліктен жаңа организмнің дамуы жүреді. Көбеюдің бұл түрі бір клеткалыларға да, көп клеткалыларға тэн, бірақ оларда ол әртүрлі сипатқа ие болады. Көп рет бөліну (шизогония) жолымен көбею ядроның бөлінуіне негізделеді. Мұндай бөліну нәтижесінде бір клеткадан бірнеше еншілес организмдер қалыптасады. Көп рет бөлінуге мысал ретінде адамның эритроциттеріндегі безгек плазмодиясының (P. vivax) көбеюін алуға болады. Көп клеткалы өсімдік организмдерінде бөліну арқылы жүретін вегетативті көбеюі қалемшелер, пиязшықтар, жапырақтар, тамыр сабақтар арқылы жүзеге асады. Бірақ бұл ауылшаруашылық практикасында қолданылатын жасанды көбею түр. Бүршіктену кезінде аналық клеткада ядросы бар төмпешіктер пайда болады, кейін ол бөлініп, өз бетінше организмге айналады. Бүршіктену бірклеткалы өсімдіктерде де, мысалы ашытқыларда, сонымен қоса бір клеткалы жануарларда да, мысалы инфузорияларда, кездеседі. Спора түзілу арқылы көбею маманданған клеткалардың-споралардың пайда болуымен байланысты, онда ядро, цитоплазма болады, тығыз қабықшамен қапталған және қолайсыз жағдайларда ұзақ тіршілік етуге бейімді, онымен қоса олардың жеке-жеке орналасуына ықпал етеді. Көбіне, мұндай көбею түрі бактерияларда, балдырларда, саңырауқұлақтарда, мүктерде, папоротниктэрізділерде кездеседі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет