1. Кіріспе. Дәрігер бейнесі-дәрігер мамандығының адамгершілік принциптері. Кәсіби этика және деонтология


Емдеу мекемесінде жинау түрлері. Өңдеу жабдықтарды тазалау



бет16/23
Дата04.11.2023
өлшемі54,12 Kb.
#121812
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Байланысты:
Мейіргер ісі дифка

21.Емдеу мекемесінде жинау түрлері. Өңдеу жабдықтарды тазалау
Тазалау үй-жайларды тазалықпен қамасыз ету. Тазалау әрекеттері инфекциялық, жұқпалы ауруларға қарсы және ауруханаішілік инфекцияны болдырмауға қолданылады. Санитарлық-гигеналық тәртіп тазалықтың нәтижесіне алып келеді. Шаңдардан, микробтардан және микроогрганизмдерден құтылу мақсатында пайдаланыады. Ол шараға: арнайы қолғап, киімдер болу керек,жинауға арналған құралдар-жабдықтар және мемлекетіміз пайдалунға рұқсат етілген дезинфекциялық құрылғылар арқылы, сосын шелек және онда арнайы таңба болу керек. Толық тазалау аптасына бір рет болады. Тазалаудың 2 түру бар: ағымдағы тазалау- едендерді, жиһаздарды мемелекетіміз рұқсат еткен дезинфекциялау құралдарын пайдаланып тазалау және операциялық бөлмедерді 1 күнде 2 рет тазалау. Таңу, егу бөлмелерінде, боснатын бөлмелер ағымдағы тазалау өткенен кейін кварцтар қосылады.Жалпы тазалау: операциялық бөлмелерді, стомологиялық бөлмелерді, егу және т.б үй- жайларында аптасына 1 рет өткізіледі және күйіп қалған науқастарды, туберкулезбен ауырған пациенттерді және қайтыс болғаннан кейін жүргізілетін асептикалық шаралар, денсаулық сақтау обьекттілерінде айына бір рет жүргізіледі. Медициналық қалдықтар- медиуинлаық іс-шаралар барысында түзілетін қалдықтар. Олар бірнеше кластарға бөлінеді. А класына- адам өміріне зиянсыз қалдықтар жатады. Бұл класқа асхана қалдықтары, тұтынуға жарамсыз қалдықтар жатады. Б класына- адам өміріне қауіпті қалдықтар жатады. Бұл класка қан, әртүрлі биологиялық сұйықтықпен ластанған қалдықтар және фармациядан қалған қалдықтар жатады. В класы- өте қауіпті қалдықтар. Ол адам өміріне өте қауіпті, жұқпалы аурулармен ауырған пациенттердің денесімен жанасқан құралдар, және туберкулезді емдеуде қолданылатын құралдардың барлығы осы класка жатады. Г- класына- өнеркәсіптік қалдықтарға жатады. Құрамында сынап бар аспаптарды осы класқа жатқыздады. Д- классына радиоактивті медициналық құралдар жатады.
22.Стерильдеу алдындағы өңдеу. Стерильдеу: түрлері, тәсілдері, құралдары.
Стерилизация дегеніміз физикалық және химиялық препараттарды пайдалану арқылы микроорганиздерді немесе олардың спораларын жою мақсатында қолданылатын іс шаралар жиынтығы. Стерилизация тері және сілемейлі қабаттармен, жаралардың бетімен жанасатын, қанмен немесе биологиялық сұйықтықтармен байланысатын барлық медициналық құрал жабдықтарда жүргізіледі.
Стерильдеу алдында өңдеу тазалау 5 этаптан тұрады: бірінші кезеңде медициналық құралдарды қолданып болған соң лизоформиннің бір пайыздық мөлшеріне бір сағатқа салып қою, екінші кезеңінде бір сағат өткеннен кейін медициналық құралдарды ағын су астына жарты сағаттай салып қою, үшінші кезеңінде медициналық құралдарды жуатын ерітіндіге он бес минуттай салып қою керек, төртінші кезеңде содан кейін мақта тампондарымен инелерді мандренмен тазалауды бастаймыз, бесінші кезеңінде құралды жуғыш ертіндіден аламыз ағын суда шаямыз бәрі аяқталған соң тазалаық сапалағын тексеруден өтеміз.
Стерилизацияның термиялық, химиялық және радиациялық түрлері ажыратылады. Термиялық стеилизацияға автоклав, ыстық ауалы шкаф және гласперленді әдіс жатады. Ал химиялық стерилизацияға газ әдісі және химиялық қосылыстарды қолдану арқылы жүзеге асады. Клиникада ең көп қолданылатын стерилизацияға бу, ауа және химиялық әдістер жатады.
Бу әдісі арқылы тоттануға төзімді металдарды, әйнектен жасалған құрылғыларды резеңкеден және пластмассадан жасалған материалдарды және латекстерді залалсыздандыруға болады. Бұл әдісте судың температурасын жоғарылату үшін автоклав қолданылады. Автоклавтағы будың температурасы қысымға байланысты.
Ауалы әдіс ыстық ауалы шкафта 120 градус цельсиде 45 мин жүргізіледі. Бұл әдіс арқылы тоттануға төзімсіз металдардан жасалқан құрылғыларды, силиконнан жасалған материалдарды залалсыздандырады. Химиялық стерилизация кезінде көбінесе этим спирті, сутекасқын тотығы және хлоргексидин ерітінділері қолданылады. Бұл термиялық тұрақсыз материалдарды стерилизациялауда қолданылады. Газды стерилизация кезінде этилен тотығын, формальдегидті, озонды пайдалану арқылы термиялық тұрақсыз материалдарды залалсыздандырады. Ал гласперленді әдіс арқылы стоматологиялық бөлімшелердегі құрал саймандарды залалсыздандырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет