1. Кіріспе Негізгі бөлім



Дата05.12.2023
өлшемі0,6 Mb.
#134598
түріӨмірбаяны

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Алаш арысы - Мұхаметжан Тынышбаев
(1879 – 1937)
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1 М. Тынышбаевтың өмірбаяны
2.2 М. Тынышбаевтың еңбектері
2.3 М. Тынышбаевтың қызметі
3. Қорытынды
Кіріспе
  • Қазақ халқының тәуелсіз мемлекет бірнеше ұрпақтың арманы болды. Отарлық билік кезіндегі Қазақстан тарихы зорлықшылық саясат үстемдік еткен, қасіреті толы кезеңдермен ерекшеленеді. Ал енді бүгінгі күні сол тәуелсіздікке қолымыз жеткенде, туған елінің, Отанының шынайы тарихын білуге деген ұлттық сана-сезімнің бұрын-соңды болмаған өрлеуінің куәсі болып отырмыз. Қазақстан Республикасының елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 1997 жылды "Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу" және 1998 жылды "Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы" деп жариялады.

М. Тынышбаевтың өмірбаяны
  • Мұхаметжан Тынышбайұлы (1879-1937) — қазақтың көрнекті саяси және коғам қайраткері, алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі. Алаш Орда үкіметінің мүшесі және оның төрағасының орынбасары, тарихшы-ғалым, қазақтан шыққан тұнғыш теміржол катынастарының инженері.Найман тайпасының Садыр руынан шыққан. Алаштың ірі қоғам және мемлекет кайраткері, тарихшы, ағартушы, тұңғыш темір жол инженері Мұхамеджан Тынышбаев 1879 жылы 12 мамырда Жетісу облысы Лепсі уезі Мақаншы-Садыр болысында (казір Алматы облысы Қабанбай ауданы) туған.
  • Ауыл молдасынан хат таныған соң, 1890 жылы Верный ерлер гимназиясының даярлық сыныбына кабылданады. Мұхамеджан Тынышбаевтың тағдыр-талайы білім мен ағартуға, ұлттық теңдік пен өркениетке ұмтылған қазақ халкының тағдырымен бір. Даярлық сыныпты қоса есептегенде, 10 жыл аталған гимназияда окыған М.Тынышбаев оны үздік (алтын медальмет) аяктайды. 1900 жылы окушыны ұлтқа бөліп алаламайтын, білімдіні қадірлейтін гимназия директоры М.В. Вахрушевтің Жетісу губернаторына дәлелдеп жүріп стипендия белгізуінің арқасында (ол шакта мемлекет есебінет оку тек осылай жүргізілген) Мұхамеджан император І Александр атындағы Петербор темір жол транспорты институтына кабылданады. Бұл институтты 1906 жылы бітірген.
  • Елшіл Мұхамеджан ХХ ғасырдың 10 жылдары Орынборда шығып түрған «Қазақ» газеті төңірегіндегілермен де араласып-хабарласып тұрады. Аталған газетте публицистің «Соғысушы патшалар әскері», «Сүңгуір кайык», «Темір жол һәм Еуропа соғысы», «Соғыс кемелері һәм мина», «Барлыбек Сыртанов», «Садуақас Шалымбеков» т.б. мақалалары жарык көреді.

М. Тынышбаевтың еңбектері
  • Күрделі кезеңде түрлі саяси-мемлекеттік жүйеде қилы жауапты іс жасаған қайраткердің ұлтқа болысқан еңбегі нәтижесіз емес еді. Мұхамеджанның орасан жұмысын былайша топтап- таразылауға болады: саяси қайраткер ретінде құқы аяққа тапталған ұлтының теңдігі жолында дәйекті іс атқарды; • маман-теміржол инженері ретінде төңкеріске дейін де, одан кейін де шойын жолды салуда ұлт мүддесін бірінші кезекке койды; публицист ретінде орыс тілінде шыққан мақалаларында Петербордың зиялы қауымына патша шенсуніктерінің әділетсіздігін жеткізсе, қазақ тіліндегі макалаларында қандастарына теңдік алудың жөн-жобасын көрсетті: тарихшы ретінде қазақ елінің көне дәуірден бүгінге дейінгі шынайы тарихын жасаудың батыл бағыттарын іс жүзінде анықтап берді.
  • 1921-1922 жылдары Түркістан кеңестік автономиясының Жер-су комиссариатында су шаруашылығын басқарды. Ал, 1925-1932 жылдар аралығында Қазақстан кенестік автономиясында жаңа астананы (Қызылорда) жасақтау ісінің бас инженері. Түркістан-Сібір құрылысының жетекші маманы кызметін атқарды. 1922 жылы Ташкентте құрылған «Талап» атты мәдени-ағарту ұйымына басқарма мүшесі болып сайланады. Осы шақта ол бірнеше тарихи еңбек жазды. Онын ел алдындағы елеулі еңбегі Түркістан-Сібір теміржол құрылысына маман ретінде қатынасуы еді. 1932 жылы сәуір айында тұткындалып, Мәскеу- Донбасс теміржол құрылысына жұмысқа жіберілді. Бұдан кайтып елге келгенде, 1937 жылы карашада қайта тұтқындалып, ату жазасына кесілді.

М. Тынышбаевтың қызметі
  • Түркістан автономиясын Кеңес өкіметі күшпен талқандағаннан кейін М. Тынышбаев Алашорда қайраткерлерімен бірге сол кезде бірінен соң бірі құрылып жатқан көптеген әр түрлі үкіметтермен (Уақытша Сібір үкіметі, Уфа директориясы, Колчак үкіметтері сияқты) келіссөздер жүргізіп, хат-хабар жазысады, азамат соғысы жылдарында кызылдарға карсы күреседі. Бірақ одан күткендей нәтиже болмайтынын көргеннен соң 1920 жылдан бастап, Кеңес өкіметінің жағына шығып, «буржуазиялык маман» ретінде Ташкентте, Қызылордада, Алматыда әр деңгейдегі шаруашылық мекемелерінде еңбек етеді.
  • Сталиндік зобаланда ол 1930 жылы 3 тамызда тұтқындалып, бес жылға сотталып Воронежге бес жылға жер аударылады. 1933-1937 жылдары ол айдауда жүріп Мәскеу-Донбас темір жол кұрылысында жұмыс істейді. Онда ауырып, оралғанымен 1937 жылы караша айында қайта тұтқындалады да, 1937 жылы Ташкент түрмесінде "Халық жауы" деген желеумен атылады. 1959 жылдың 29-қыркүйегінде Мұхаметжан Тынышбаев Қазақ КСР-сы Жоғарғы сотының, және де 1970 жылы КСРО прокуратурасы мен Түркістан әскери округының прокурорының шешімімен ақталып шықты.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет