1. Кіріспе. «Қоршаған орта оқыту әдістемесі» ­- педагогикалық ғылым


Әдіс-тәсілдерді кешенді үйлестіре қолдану техникасы



бет13/24
Дата27.06.2023
өлшемі222,27 Kb.
#103596
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24
3. Әдіс-тәсілдерді кешенді үйлестіре қолдану техникасы.
Мұғалім сабаққа дайындалғанда әдістің сабақтағы орнын анықтайды, оның тақырыбы мен мақсатын көрсетеді, оқытатын материалын түсіндіруге қажетті көрнекі құралдарды қарап, белгілейді; суреттерді қарап, ондағы керекті обьектілерді табады; баяндаудың жоспары мен конспектісін жазады, жоспарды қарапайым етіп, үш-төрт тақырыпшадан асырмауға тырысады; сөздердің дұрыс айтылуын, дауыс ырғағын қадағалай отырып, әңгіменің бүкіл мазмұнын жоспар бойынша дауыстап айтып шығады.
Мұғалімнің баяндауы айқын, көркем және қызықтыратын болып құрылса және оқушыларды өзіне тартып, материал мазмұнына қызықтыра алса, оқушыларды жұмылдырады, оларға жауаптарын дұрыс құруға үлгі береді.
Идеялық - саяси бағытта болатын баяндау мен әңгіме оқушыларға нақты білім береді, оларды іс - жүзінде қолдануға деген тілек туады. Мұғалімнің баяндауы мен әңгіме бірін - бірі толықтырып әңгімені оқумен және жұмыстың басқа түрлерімен үйлестіріп, бағдарламаға сай білім беріледі. Бұл оқушыларға ой тудырып, оқылатын тақырыптың балаларға жаттандылық түрде емес, түсінікті болуына көмектеседі. Баяндау мен әңгіме карта, көрнекі құралдар пайдаланумен, көркем әдебиет оқумен, есеп шығарумен, тәжірибе жасаумен байланыстырылады. Баяндау кезінде балалар селқос отырса, әңгіме кезінде барынша белсенді отырады, ойланады, мұғалімге олардың ойларын шеберлікпен басқарып, оны қажетті арнаға бағыттап отыру міндеттеледі.
Әңгіме әдісі сурет бойынша әңгіме, оқылған тексті бойынша әңгіме, оқылатын материалдың негізінде карта бойынша әңгіме, жасалған тәжірибе желісінде әңгіме түрінде қолданылады.
Оқытуда көрнекілік әдістерін пайдаланғанда төмендегі шарттар сақталуы керек:
а) қолданатын көрнекілік оқушы жасына сай болуы керек;
б) көрнекілік шектеулі пайдаланылуы керек және оны бірте –бірте тек сабақтың қажет сәтінде көрсету керек;
в) оқушыларға көрсетілетін дүниені жақсы көре алатындай етіп ұйымдастырылуы қажет;
г) иллюстрацияны көрсеткенде басты, маңызды жақтарын бөліп көрсеткен жөн;
д) құбылыстарды көрсету кезінде берілетін түсініктерді тыңғылықты ойластыру керек;
е) көрсетілетін көнекілік материалдың мазмұнымен сәйкес болуы керек;
ж) қөрнекі құралдардан немесе көрсету қондырғыларынан ақпаратты табуға оқушылардың өзін белсендіру.
Әдістемелік тәсілдер - бұл педагогтың логикалық және қолданбалы дағдыларды меңгеруге бағытталған нақты әрекеттер. Мысалы, әртүрлі масштабтағы карталарды салыстыру, өзен ағысының жылдамдығын анықтау, тау баурайының көлбеулігін өлшеу т.б. Сонымен, тәсіл дидактика тұрғысында әдіске қарағанда аясы тарлау таксономиялық бірлік болып табылады. Әр әдіс өзара байланысқан көптеген тәсілдерден тұрады. Әдістемелек тәсілдерді білмейінше пәнді оқыту әдістерін меңгеру мүмкін емес.
Дүниетану пәні бойынша ерекше сипаттағы сабақ типтері жүзеге асады. Мысалы, түсіндіріп оқыту сабағы, заттық сабақтар, тәжірибе көрсету сабағы.
Түсіндіріп оқыту сабағы. Түсіндіріп оқыту сабағының басқа сабақтарға қарағанда өзіндік ерекшелігі сол бұл сабақта тек жаратылыс ғылымдары сипатындағы заттар және олар жайлы білім ғана қалыптасып қоймай оқу мен жазуға үйрету талаптары да жүзеге асады. Түсіндіріп оқыту сабақтары табиғатты және ондағы құбылыстарды танып білуде негізінен мынандай үш мәселені шешеді:
1. Балаларға табиғат туралы жаңа ұғымдар және жаңа білімдер беру;
2. Балаларды жақсы оқуға үйрету;
3. Олардың оқығандарын саналы түрде түсіне, талдай білуіне көмектесу. Сонымен бірге дәптермен жұмыс барысында жазу дағдылары да қалыптасуына мүмкіндік туады [3,61б.].
Түсіндіріп оқыту сабақтары әсіресе әлі оқу мен жазу дағдылары толық қалыптасып үлгермеген 1 - 2 кластарда өте маңызды әдіс болып табылады. Мұнда дауыстап оқыту, оқылған әрбір абзацты мұғалім түсіндіру және оқушылармен бірге талдау ұйымдастырылуы керек. Класы жоғарылағаннан кейін мақаланы іштей оқып, жаппай сұрақтар қою арқылы түсінігін сұрау арқылы талдап мақаладағы негізгі мәселені саналы түсінуіне жетелеу керек.
Ұғымды игеру үшін көбіне көркем әңгімелерге қарағанда басқа тәсілді қолдануды талап ететін іске пайдалы ғылыми мақалаларды оқуға зор көңіл бөлінуі керек.
Дүниетану сабақтарында түсіндіріп оқыту міндетті түрде көрнекі құралдарымен, экскурсия мен бақылау кезіндегі білімдерімен үйлесім таппаса түсіндіріп оқыту бос сөзділік болады. Онда түсіндіріп оқыту тек балаларды оқуға ғана машықтандырып, оқығанына мән бере алмайтын өмірден қол үзген тәсілдің бірі болып шығады.
Түсіндіріп оқыту сабақтары мынандай элементерден тұрады: әңгіме мазмұнын түсінуге оқушыларды дайындау, яғни кіріспе әңгіме; әңгімені оқу, мазмұнын талдау, сөздік жұмысын жүргізу; оқушылар түсінігін айтып беру үшін жоспар түзу және жоспарға сүйене түсінігін айтуды талап ету.
Түсіндіріп оқыту сабақтарын бес типке бөледі.
1. Оқушыларды тұрған жерінде өз бетінше жасаған бақылауларымен байланыста оқыту;
2. Экскурсия соңынан оқыту;
3. Заттық сабақтардың соңынан оқыту;
4. Тәжірибелер соңынан оқыту;
5. Мұғалімнің әңгімесі мен баяндауына негізделген көрнекі құралдарды қарастыра отырып оқыту.
Бұл сабақ типтерінің бір - бірінен айырмашылығы мақаланы не әңгімені түсіндіруге кіріспе және мақала не әңгіменің мазмұнында болып келеді.
Бақылау негізінде түсіндіріп оқыту. Мұғалім оқушыларға табиғаттан немесе күнделікті тұрмыстан кез келген бір құбылысты бақылауды тапсырады. Сонан соң бала бақылаған объектісі не құбылысы жайлы әңгіме түзеді. Мұнда бала бақылаған дүниелері жайлы ойланады және оның себеп – салдарын түсінуге, түсіндіруге тырысады. Бұл баланы түрлі ұғымдарды ұғынуға, логикалық талдай білуге машықтандырады. Бақылау негізінде түсіндіріп оқыту оқушылардың білімін кеңейтеді және тұрмыстық тәжірибе қалыптасады.
Экскурсия соңынан оқыту. Мұндай сабақ экскурсиядан алынған материал әңгіме мазмұнын түсінуге болатындай жағдайда, кейде оқу жылының басында өткізілген экскурсия аралығында өткізіледі, ал әңгіменің өзі оқу жылының ортасында бірнеше ай бойы жүргізіледі. Бұл жағдайда экскурсиядан алған білімдерін, бақылау қорытындысын жазып алу немесе сурет түрінде қағазға сызумен тиянақтайды. Оқыту сабағында балалар экскурсияда көргендерін еске түсіреді. Содан кейін балалар әңгімені дауыстап оқып шығады, таныс емес сөздерді талдайды, екінші рет іштерінен оқып шығып, мұғалімнің тақтаға жазған тапсырмаларын орындайды. Оқушылар әңгіменің мазмұны және экскурсиядан көргендері бойынша қорытынды жасайды [3,64б.].
Тәжірибе соңынан оқыту. 1 - кластан бастап балалар мұғалім көрсеткен тәжірибелерден әр түрлі табиғи құбылыстарды, мысалы: қардың еруі, мұздың қатты күйден сұйыққа айналуы, судың булануы, топырақтың суды өткізгіштігі т.б. бақылайды. Жасалған немесе бақылаған тәжірибелерден кейін оқушылар соған сәйкес әңгімелерді оқиды да тиянақты қорытынды жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет