1. Кіріспе. «Қоршаған орта оқыту әдістемесі» ­- педагогикалық ғылым


 Қоршаған орта пәнін оқыту формалары



бет15/24
Дата27.06.2023
өлшемі222,27 Kb.
#103596
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
8 Қоршаған орта пәнін оқыту формалары
8.1. Оқыту формасының классификациясы.
Мектепте оқу пәндерінің материалдарын меңгерту үшін ұйымдастырылатын біртұтас жүйе оқу-тәрбие процесі деп аталынады. Бастауыш мектепте оқыту және тәрбиелеу әртүрлі ұйымдастыру формаларында жүргізіледі. Оқытуды ұйымдастырудың формасы дегеніміз мұғалім мен оқушылардың оқу әрекетіне қолайлы жағдай жасау үшін арнайы ұйымдастырылған, белгілі тәртіппен өтілетін жұмыс. Оқу жұмысының әрбір формасы мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінің сипатына, оқушылар құрамына, оларды сабақ кезінде ұйымдастыруға, сонымен бірге оқу уақытының режиміне байланысты. Қазіргі кезде дүниетану сабақтарының ұйымдастырылуы мына төмендегідей түрде жүргізіледі: класс сабағы, лабораториялық-практикалық сабақ, сабақтан тыс жұмыстар, үй жұмысы, сыныптан тыс жұмыстар (экскурсия, бақылау, мерекелік кештер, үйірме).
Сабақ - кластағы барлық оқушылардың қатысуы міндетті, қатаң сабақ кестесі бойынша жүйелі түрде жүргізілетін оқу түрі.
Лабораториялық-практикалық сабақ - бұл да міндетті оқу түрі, бірақ бұл сабақ түрін өткізуге арнайы жабдықталған кабинет және құрал-жабдықтар талап етіледі.
Үй жұмысын ұйымдастыру - мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқу материалдарын қайталау мен бекіту мақсатында және сондай-ақ оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған өз бетінше орындалатын жұмыс.
Экскурсия - ерекше сабақ түрі, мектептен тыс орындарда өтіледі; арнайы әдістемені талап етеді. Экскурсия класс сабағының бір бөлігі, сондай-ақ кластан тыс сабақ түріне де жатады.
Сабақтан тыс жүргізілетін жұмыс түрлері - оқу бағдарламасына сәйкес бүкіл класс бойынша табиғатқа бақылау, мектеп маңындағы тәжірибе алаңындағы жұмыстар, географиялық алаңдағы жұмыстар, тірі табиғат бұрышындағы тақырыптық жұмыстар және бағдарламадан тыс бәріне міндетті емес кластан тыс жұмыстармен үйлесетін түрлері.
Кластан тыс жұмыстар - оқушылардың өз бетінше, өз құштарлығымен айналысатын, үйірме мүшелерімен жүргізілетін жұмыс түрлері.
Әр оқу формасы мектепте білім беру жүйесіне кіретін, бірін-бірі толықтырады және пәннің материалдарын толық, жан-жақты меңгеруге мүмкіндік береді. Оқушылардың белсенділігі, пәнге деген қызығушылығы әсіресе, сабақтан тыс жүргізілетін мысалы, экскурсия, түрлі бағыттағы үйірмелер, факультативтік сабақтардың көмегімен артады. Ендеше, білім беру үрдісінде білім, тәрбие, дамыту мақсаттары бірін – бірі толықтыра түсетін түрлі оқыту формаларын үйлесімді қолдану жағдайында ғана жүзеге аса алады.
Дүниетану сабақтары бастауыш класта оқытылатын басқа пәндік сабақтардан өзіндік сипатымен ерекшеленеді. Дүниетану сабақтарында мұғалім жаратылыстану ғылымдарын меңгертуге арналған оқыту әдістері қолданады, ол өз кезегінде жоғарғы кластарда физика, география, биология, химия пәндерін оқып үйренуге жоғары деңгейде мүмкіндік жасайды. Бұл әдістер табиғат объектілері мен құбылыстарды бақылау, практикалық жұмыстар мен тәжірибе қою (жасау), экскурсия кезіндегі түрлі жұмыстар және т.б. Нәтижесінде жаратылыс құбылыстары мен заттарын толық тани отырып, олардың себебін де түсіндіріп, жан-жақты талдап, қорытындылауға машықтанады, бұл баланың белгілі деңгейде білімінің кеңеюіне және оның логикалық ойлау қабілетінің қалыптасып, дамуына көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет