1. Кірме сөздер қатары а сұлтан, бүркіт



Дата11.04.2023
өлшемі22,99 Kb.
#81500
Байланысты:
ҚАЗАҚ ТІЛІ


ҚАЗАҚ ТІЛІ
Нұсқау: Сізге берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі.Таңдаған жауапты жауап парағындағы сәйкес орынға,дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.
1. Кірме сөздер қатары
А) сұлтан, бүркіт
В) кебеже, жаппа
С) үлескі, өскін
D) тарих, мәдениет
Е) саяжай, үнқағаз
2. «Аузы-мұрны қисаймай» тұрақты тіркесімен мағыналас қатар:
А) аузына қақпақ болу
В) жаны мұрнының ұшына келу
С) көзді ашып-жұмғанша
D) ауызбастырық беру
Е) бет-аузы бүлк етпей
3. Қазақтың төл сөздерінде кездесетін дыбыстар қатары:
А) У,К
В) Ж,Һ
С У,Ғ
D) Ц,Ч
Е) Й,Ң
4. Тасымалданбайтын буыны бар сөздер катары:
А) қалаға, шөлейт
В) дебат, шиті
С) үлгерім, зауыт
D) қария, ара
Е) дирижер, полюс
5. Күрделі сөзге тән қатар:
А) сөз мағынасының кеңеюі арқылы жасалған сөз
В) ұғымның атауын білдіретін сөз
С) бір түбірден тараған сөз
D) жұрнақ арқылы жасалған сөз
Е) екі не бірнеше түбірден құралған сөз
6. Бастауыш қызметіндегі мезгіл үстеуі
А) Елдің ертеңі - жастар.
В) Ақырын жүріп, анық бас.
С) Жолдасы көптің олжасы көп.
D) Көп ел - сарқылмас көл.
Е) Жақыннан қарасаң да, алысты байқа.
7. Анықтауыш қызметіндегі зат есім:
А) Мұндай тамақты ішпегелі көп болды.
В) Бағама келіспедім.
С) Мен дайындыққа бармадым.
D) Құйылған шайдың түсі де дәмі де керемет.
Е) Оны кеше көргенмін.
8. Оңашаланған айқындауышы бар сөйлем:
А) Бұл үйдің сипаты қысқы үйден бөлек.
В) Екібастұздықтар жерлестерінің табысына сүйсінді.
С) Біз Әйкеннің, Жолтайдың қарындасының, үйіне бардық.
D) Ахмет қонақтарын жазғы үйіне енгізді.
Е) Аңшы Елек кәрі бұғының ізіне түсті.
9. Бастауышқа тән белгі:
А) атау тұлғада тұрып, сөйлемдегі негізгі ойдың иесі болады
В) сөйлемдегі ойды тиянақтайды
C) іс-оқиғаның мекенін, мезгілін, қимыл-сын, мөлшерін білдіреді
D) атау мен ілік септігінен өзге септіктердің бірінен жасалады
Е) сапалық, сандық, иелік жағынан сипаттайды
10. Ісқағаздар стиліне жататын қатар:
А) мақала, эссе
В) өтініш, сенім хат
С) шығарма, хат
D) ертегі, әңгіме
Е) повесть, роман
11. Кірме сөз қатысқан нұсқа:
А) Жетішатыр - жақсы қала.
В) Әмірқан тымағын қайта киіп алды.
С) Бәден апай қойныма бір уыс кәмпит тығып жіберді.
D) Ата-ананың алғысын ал, адал жүр.
Е) Көктем шыға қырдағы киіз үйге шықтық.
12. Сөздің барлық буынында жазылатын дауысты дыбыстар қатары:
А) ы, і
В) и, й
С) а, е
D) ұ, ү
Е) о,ө
13. Түбір тұлғасы өзгеріп кіріккен сөз:
А) күркетауық
В) түрегелу
С) тазқарын
D) қылтамақ
Е) әлдебір

14. Буын үндестігіне бағынбайтын сөздер қатары:


А) көреген, тебеген
В) желсіз, еріншек
С) қарулы, түнгі
D) әзілқой, өнерпаз
Е) тұсаулы, ұмытшақ
15. Анықтауыш сұрақ:
А) Кім барады?
В) Талғардікі?
С) Осылар ма?
D) Үлкендер ше?
Е) Атың кім?
16. Стиль түрін анықтаңыз:
34-бап. Тұрғын үйге қол сұғуға болмайды.
А) Ғылыми стиль
В) Ауызекі сөйлеу стилі.
С) Публицистикалық стиль.
D) Көркем әдебиет стилі.
Е) Ресмн іс қағаздары стилі.
17. Кәсіби сөзге жататын ара атауы:
А) пышқы
В) пәрбі
С) тышуыр
D) атауыз
Е) ыңғыру
18. Түбір мен қосымшаның аралығындағы кейінді ықпал бар сөйлем:
А) Үй жылы, киізі бүтін, тұтас алаша ұсталған.
В) Арман ұстазының соңынан кітабын ала жүгірді.
С) Сол түнде Барлас «Қобыланды батыр» жырын жырлады.
D) Он жылдың ішінде талай тың дүниелер жазылды.
Е) Көксерек ит баласына заты қастай жібімейді.
19. Толықтауыш қызметіндегі сын есім қатысқан сөйлем:
А) Сабақты ине сәтімен.
В) Ақыл азбайды, білім тозбайды.
С) Үлкенді сыйласаң - кадірлі боларсың.
D) Жақсы - жүрген жерін мақтап жүреді.
Е) Үлкенді-кішілі түгел жиналды.

20.Қыстырма сөз қатысқан сөйлем:


A) Бәсе,солай болады деп айтып едім ғой.
B) Ой,айналайындар-ай,шаршап қалған боларсыңдар?
C) Бұл жөнінде ертең,сағат тоғызда,үйде отырып сөйлесейік.
D) Енді кішкене жүрсек,алдағы тосқауылдан өтіп те кетеміз.
E) Апыр-ау,қарақтарым,амансыңдар ма өздерің?

Нұсқау: Сізге мәтін және мәтін мазмұны бойынша бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары беріледі. Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз. Таңдаған жауапты жауап парағындағы сәйкес орынға дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.
Қазақтың киіз үйі
1. Киіз үй - Орталық және Орта Азияны қоныстанған мал өсірушілердің негізгі баспанасы. Мәдени-тұрмыстық және шаруашылық мақсатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Шағын түрлерін келесідей жіктеуге болады: жаздық тұрғын киіз үй, жорық кезінде тігуге арналған абылайша немесе жолым үй; көші-қонда пайдаланылатын уақытша жаппа үй; екі қанатты ақтағыр үй; киізі ескірген қара құрым үй және т.б.
2. Ал ақ киізді түрлі-түсті матамен оюланған ақ ала ордалар, 24 қанатты алтын үзік киіз үйлер, хандар мәжіліс өткізетін қанатты алтын үзік киіз үйлер, хандар мәжіліс өткізетін 30 қанатты алтын ордалар көркем безендірілуі жағынан ерекше көз тартады. Жас жұбайларға арналған отау үй де жасау, жиһазға бай, сәнді де салтанатты келеді.
3. Киіз үйдің негізгі қаңқасын, яғни кереге, уық, шаңырақ, сықырлауықтарын «сүйегі» деп атайды. Киіз үйді тігерде, ең алдымен, қолайлы жер таңдап алады. Сонан соң керегелерді жайып, оны таңғыштармен біріктіре таңады, есігін орнатады. Басқұр-таңғыштармен мықтап таңылған кереге шеңберінің үстінен бақанмен шаңырақ көтеріп, оған уық шаншады. Әрбір уық қаламын шаңырақ қаламдығына сұғынта кіргізіп, екінші жағын кереге басына байлайды. Осыдан кейін туырлық, үзік, түндік және киіз есіктерді жабады...Тығыз жапсырыла жабылған туырлық қозғалып не төмен түсіп кетпес үшін,сыртынан керегеге шандып байланады... Үзік киіздер арасында қуыс, ашық жер қалмайтындай етіп бірінің шетін екіншісімен бастыра жабылады. Бұдан соң киіз есік орнатылады. Ең соңында шаңыраққа бақан арқылы түндік жабады.Киіз есік пен түндік арнаулы бау арқылы оңай ашылып, жабылып тұрады.
«Шаңырақ» энциклопедиясынан
21. Мәтіннен тыс ақпарат
А) Мал өсірушілердің негізгі баспанасын көрсету
В) Киіз үйдің түрлері мен құрылысынан хабар беру
С) Киіз үйдің сән-салтанаты мен безендірілуін көрсету
Б) Киіз үйдің құрылысы мен жасалуын түсіндіру
Е) Қазақтың киіз үйге деген ерекше сезімін көрсету

22. Киіз үйдің «сүйегі»:


А) Кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық
В) Туырлық, үзік, түндік, киіз
С) Басқұр-таңғыштар, киіз есік
D) Негізгі қаңқасы, жаппа үй
Е) Сықырлауық, түндік, таңғыш
23. Безендірілуіне байланысты киіз үй түрі:
А) жаздық киіз үй
В) жолым үй
С) жаппа үй
D) ақтағыр үй
Е) ақ ала орда
24. Бірінші азатжолдың алғашқы жай сөйлемінің баяндауышы:
А) зат есім
В) сын есім
С) үстеу
D) есімдік
Е) көмекші есім
25. Мәтіндегі асты сызылған сөздер:
А) есімше
В) тұйық етістік
С) ырықсыз етіс
D) ортақ етіс
Е) көсемше

Нұсқау: Сізге бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.
Бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында дұрыс жауаптар саны үшеуден аспайды.

26. Қолөнершілікке қатысты кәсіби сөз(-дер):
А) балдан
В) тышуыр
С) пәшік
D) тур
Е) ыңғыру
F) сота
G) жом
Н) дүмбі

27. Тоғыспалы ықпалдың айтылуы бойынша жазылған сөз(-дер):


А) қарашай
В) ала гел
С) Сәңгелді
D) көгжиек
Е) жужжыл
F) ом бес
G) Дошшан
Н) алып пер
28. Қосарланған күрделі сан есімді сөйлем(-дер):
А) Жиналыс сағат сегіздерде басталды.
В) Жұмысқа таңғы жетіде шығып кеттім.
С) Тұмаудан сыныптың жартысы келмеген.
D) 28 панфиловшының ерлігі - бізге үлгі.
Е) Абай Құнанбаев 1845 жылы дүниеге келген.
F) Автобусқа бір-бірден санап кіргізді.
G) Ат баспаймын деген жерін үш басады.
Н) Жоғалған қойды екі-екіден бөлініп іздедік.
29. Үйірлі бастауыш қатысқан сөйлем(-дер):
А) Марат пен Қанат кеше жүздесті.
В) Көне сөз - жаңа сөздің қазығы.
С) Елге баруға мүмкіншілігі жоқ.
D) Есті адамдарда бар қасиет - уайым жеу.
Е) Билеті барлар орындарына жайғасты.
F) Жұмысы жоқтық аздырар адам баласын.
G) Дала тіршілігі енді басталды.
Н) Қиыны бұл дүниенің - қолы тарлық.
30. Көп нүктенің қойылатын жер(-лер)і:
А) ой санамалап айтылса
В) бастауыш пен баяндауыштың арасына
С) қысқартылған сөзден кейін
D) қаратпа сөзден кейін
Е) ой толық аяқталмай қалса
F) бірыңғай мүшелердің арасына
G) атаулы сөйлемнен кейін
Н) оңашаланған айқындауыштан кейін
31. Тұрақты тіркес(-тер):
А) жүрегі соқты
В) түйме тақты
С) басы салбырады
D) жерге кірді
Е) тас бауыр
F) су жүрек
G) бірлігі бұзылды
Н) адал еңбек
32. Сын есім қатысқан сөйлем(-дер):
А) Аула қорғаны - қызыл кірпіш.
В) Апам Салтанатты тез алып шықты.
С) Ыбыштың есін алған көкпар да өтті.
D) Ың-шыңсыз бұрынғы өміріне қайта түсті.
Е) Салтанат біздің үйге келін боп түсті.
F) Жесір әйел керемет өнерлі, шебер кісі еді.
G) Ауылда кеше шілдехана болды.
Н) Ана өзі кестелеген орамалын алып шықты.
33. Әдемі көйлекті сөз тіркесіне тән нұсқа(-лар):
А) жанаса байланысқан
В) жалғау арқылы
С) меңгеріле байланысқан
D) етістікті тіркес
Е) орын тәртібі арқылы
F) есімді тіркес
G) қиыса байланысқан
Н) қабыса байланысқан
34. Тәуелденіп септелген зат есімді сөйлем(-дер):
А) Жиналыстан кеш қайтты.
В) Отаныма адал қызмет ету - парызым.
С) Қуанышыммен бөліскім келеді
D) Адамгершілік - тәрбиемен келетін қасиет.
Е) Оқырманға қызықты мақалалар ұсынды.
F) Анамды мерекесімен құттықтадым.
G) Жемістерді сатуға апарады.
Н) Құбылыстардың бәрі қайталанып тұрады.
35. Төл сөзі мен автор сөзінің тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлем(-дер):
А) Сүйінші! Ерлан ағам келіншек әкеле жатыр, - деп, ентігіп жүгіріп келді.
В) Есікті ұрып тұрған кім, әй? - деді Есенгелді атай.
С) Айгүл: «Ертең сабаққа бармаймын», - деді.
D) - Қап, әттеген-ай, деді өкініп.
Е) «Сенің де, менің де атымыз жазылмапты» деп ренжіді.
F) Жүгіріп келіп: «Анашым, мен сізді жақсы көремін», - деді.
G) - Ау, Асеке, сіз тұрғанда бізге жол қайда? деп жымиды.
Н) Ойланып отырып - Ерте ме, кеш пе орнымды босатуым керек, деді.

ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет