§1 Классикалық теориялық физика



бет23/26
Дата25.04.2023
өлшемі1,76 Mb.
#86908
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Кванттық механика (лекция)

Қорытынды
Бұл тарауда релятивтік емес кванттық теорияның іргелі теңдеуі болып табылатын Шредингердің толқындық теңдеуі жөнінде кеңінен әңгімеленіп, осы теңдеудің қолданылуының мысалы ретінде кванттық механиканың нақтылы шешілетін бірнеше есептері қарастырылды. Бұл қарастырылуда микродүниеге тән негізгі ерекшелік – физикалық шамалардың квантталуы осы теңдеудің қарапайым салдары түрінде түсінігін табатыны көрсетілді. Сонымен қатар бұл теңдеудің тәжірибеден нақтылы байқалатын туннельдік құбылысқа қалай түсінік беретіні баяндалды.

1. Қара дененің сәуле шығару спектріндегі энергияның максимумына сәйкес келетін толқын ұзындығы 0,58 мкм. Дененің бетінің энергетикалық жарқырауын анықтау керек.
2. Электр пешінің тұтынатын қуаты Р=500Вт. Диаметрі 0,05м кішкентай саңылаудың ашық кезіндегі температурасы 973К. Тұтынатын қуатының қандай бөлігі пеш қабырғаларымен сәулеленеді.
3. Энергетикалық жарқырауы Re=10кВт/м2 болатын абсолют қара дененің температурасын анықтау керек.[648K]
4.Өлшемі 6,1 пештің тесігінен 1сек ішінде 8,28 кал жылу шығатыны бізге белгілі деп алып,пештің температурасын табу керек.Сәуле шығаруды абсолют қара дененің сәуле шығаруындай болады деп есептейміз.
5. Күннің 1 мин ішіндегі шығаратын энергиясының мөлшері қандай болады? Күннің сәуле шығаруын қара дененің сәуле шығаруына жуық келеді деп аламыз. Күн бетінің температурасы 5800К-ге тең деп аламыз. [ кВт/сағ]
6. Абсолют қара дененің сәуле шығаруының қуаттылығы 34 квт-ға тең.Осы дененің бет ауданын О,6 м²-ге тең деп алып,оның температурасын табу керек.[1000°К]
7. Күмістің бетінен ұшып шығатын фотоэлектрондардың максимал жылдамдығын анықтау керек.
а)Толқын ұзындығы ультракүлгін сәулелері арқылы алынған.
8. Күмістің бетінен ұшып шығатын фотоэлектрондардың максимал жылдамдығын анықтау керек.
б)Толқын ұзындығы сәулелері арқылы алынған.
9. Цезийдің бетін толқын ұзындығы λ=400нм күлгін жарықпен сәулелендіргенде болатын фотоэффектінің қызыл шекарасын анықтау керек. Фотоэлектрондардың максимал жылдамдығы 0,65 Мм/с.
10. Толқын ұзындығы монохрамат жарық шоғыры жазық айна бетіне нормаль бойымен түседі, энергия ағыны Ф=0,6 Вт. Осы бетке түсірілген F қысым күшін, сондай-ақ оған t=5с ішінде түсетін N фотондар санын анықтау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет