ЗЕЙІНДІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР
«Зейін» деп психикалық әрекеттердің айналадағы заттар және құбылыстарға бет алып, бағытталып түйдектелуін айтады. Зейін бізге сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын анығырақ және ашығырақ сәулелендіру үшінпсихикалық әрекетіміздің оларға бет алып жинақталуымыз үшін қажет.
Егер зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды жақсылап, толығырақ, ашығырақ қабылдауға болмас еді. Адамның күнделікті тұрмысында да, еңбекте де зейін үлкен орын алады. Зейін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып табылады. Зейіннің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ашқан жүйке процестерінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады. Б.Г.Ананьевтің зерттеулері бойынша зейін көлемінің ең жоғары деңгейі 33 жаста, ал төменділігі 19-21 жаста, ауысуы 24 жаста болғаны байқалады, тұрақтылығы 34 жаста деп тұжырымдады. Сонымен бір нәрсеге зейін аудару адамның сыртқы кейіпінен де (дененің, бастың, көздің, түрлі қозғалыстары, бет бұру, үңілу, құлақ тігу , т.б.) жақсы көрінеді. Түрлі тәсілдер арқылы оқушы зейінін арттыру мектептегі барша мұғалімнің ат салысатын негізгі педагогикалық істерінің бірі. Іске шын мәнісінде зейін қойып кіріскенде ғана әрекеттінәтижелі етіп орындауға болатындығы мұғалім үшін аксиомалық қағида болуы қажет.
Зейінді дамытуға арналған жаттығудың мақсаты:Оқушының қызығушылығын қарым-қатынас деңгейін, жаңа ортаға бейімделуін, ішкі энергиясын, лидерлік қабілетін анықтауды қамтамасыз етеді және де оқушы туралы жалпы мағлұмат алуға мүмкіндік береді.
Көрнекіліктері: қалам, А4 парағы, үнтаспа, слайдтар.
І. Ұйымдастыру кезеңі сабаққа психологиялық дайындық:Оқушылар шаттық шеңберіне жиналып, жылы шырайменсәлемдесіп, мына өлең жолдарын бәрі біргелікті айтады.
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.
Шуақ толы жанымыз жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
ІІ. Сабақ барысы 1)Көру зейінін дамыту: Фигураларды есте сақтау