1. Клетка ілімінің пайда болу тарихы. Клетка теориясының негізгі қағидалары



бет7/72
Дата06.01.2022
өлшемі426,31 Kb.
#11922
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   72
Байланысты:
Клеткалар мен ұлпалар биологиясы

Клетка (жасуша) мембранасы қалыңдығы 4-5нм-дей липитті қосқабаттан тұрады. Онда гликолипидтер, холестерол және фосфолипидтер болады. Гликолипидтердің гидрофильді (сулы ортаға бағытталған) бөлімі олигосахаридтерден түзілген. Гликолипидтер әруақытта плазмалық мембрананың сыртқы  беткейінде орналасады. Холестерол молекулалары сан жағынан фосфолипидтерге тең келеді және соңғылардың арасында жатады, мембрана  тұрақтылығы қамтамасыз етеді. Мембрананың ішкі және сыртқы қабаттарында липидтер біркелкі орналаспаған. Тіпті бір қабаттың өзінде липидтердің бір түрі ғана шоғырланған учаскелер болады. Мембрананың жалпы алғанда инертті деп саналатын липидті матриксінің ең басты функционалдық элементтері – белоктар. Әртүрлі мембраналардағы олардың массалық үлесі 25-75% арасында. Кейбір ақуыздар мембрананың сыртқы және ішкі қабаттарын тұтастай бойлап орналасса, басқалары тек бір қабатта ғана жатады. Ақуыздың молекулаларының гидрофабты топтары әдетте липидті мембранаға батырылған түрінде, ал оның полярлы гидрофильді топтары мембрана беткейінде сулы фазаға батырылған күйде болады. Мембрананың сыртқы беткейіндегі көптеген ақуыздар гликопротеиндер болып табылады. Олардың гидрофильді сахаридті (қантты) топтары клетка сыртындағы  ортаға бағытталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет