8. Арнаулы қасиеті бар дәнекер ұлпалары: ретикулалы, май, шырышты ұлпалардың организмдегі рөлін көрсетініз
Арнайы қасиеттi дәнекер ұлпаларға май, ретикулин, кiлегейлi, бояутек ұлпалары жатады.
Май ұлпасы (textus adiposis)-өте жоғары зат алмасу белсендiлiгiне ие, ондағы липидтер қоры тұрақты жаңарып тұратын ұлпа. Бұл тұрақтылықты сақтау май қыртысының жиналуы (липогенез), iске жұмылдырылуы (липолиз) процестерiмен қамтамасыз етiледi. Май ұлпасы жануарлар (жабайы) организмiн механикалық зақымданудан, жылу шығынынан қорғап, су қоры болып келiп, қаттылықты кемiтуде зор рөл атқарады.
Жетiлген организмде май ұлпасы негiзiн қан қылтамырымен қоса жүретiн бiрiгу жасушаларынан дамитын, май жасушалары-адипоциттер (iрi, диаметрi 25-50-150-250 мкм, сфера тәрiздi, түрi көп қырлы; ядросы жайпақ, шетiне ығысқан, жасуша шетiнде ядроны қоршап жатқан шеңбер тәрiздi бiраз цитоплазмада ығысады; плазмолеммасы iшiне кiрiп, эндоцитоз көпiршiктерiн түзедi, сыртын негiзгi жарғақша жауып тұрады, оған ретикулин талшықтары оралады; адипоциттер жүйкенің селбестiргiш сезiм ұштарына, әртүрлi гормондарға ие болады, липидтердiң жаңадан түзiлуiне, бүлiнуiне әсер етедi) құрады.
Сүтқоректiлердегі май ұлпасын түсiне, организмдегi таралымына, зат алмасу белсендiлiгiне, оларды түзетiн жасушалардың құрылысына, қанмен қамтамасыз етiлу деңгейiне қарап, екi түрге–ақ, қоңыр деп бөледi.
Ақ май ұлпасын организмдегi барлық май ұлпалары (терi шелi, әсiресе шошқада жақсы дамыған; бүйрек айналасы; шажырқай; кейбiр қойлар тұқымдарының май құйрығы; еттi және сүттi-еттi жануарлар тұқымдары қаңқа бұлшық ет араларындағы етқабықтар; оларды семiз ет деп атайды) құрады, ол жануарлар түрiнде, тұқымында бiрдей болмайды. Ақ май ұлпасы борпылдақ дәнекер ұлпадан тұратын қалқалармен бөлiнiп, шоғырланып, бөлiмшелер құрады. Оған қалқалармен бiрге қан тамырлары, жүйкелер өтедi. Май жасушаларын ретикулин және коллаген талшықтары қоршап жатады, цитоплазмасында тек бiр ғана iрi май тамшысы барын бiр тамшылы адипоциттер деп атайды. Ақ май ұлпасы қаннан үшглициридтердің түзiлуiне, сақталуына, жұмылдырылуына, сiңiрiлуiне қатысады. Организмде ақ май ұлпасының үлестiрiлуiне жыныс, бүйрекүстi безi қыртысындағы гормондар әсер етедi. Ақ май ұлпасының химиялық құрамына: липидтер-60-85%, су–5-30%, белоктар–2-3% кiредi.
Қоңыр май ұлпасы (textus adiposis fuscus) кемiргiштерде, қысқы ұзақ ұйқыға кететiн жануарларда, кейбiр төлдердің жауырыны арасында, мойын аймағындағы терi астарында, көкiрек орталығында және қолқаның ұзына бойында көп кездеседi. Адипоциттердің көлемi кiшi, дөңгөлек ядролары жасуша ортасында, бiр шетiне ығысып орналасады, цитоплазмасында ұсақ Гольджи аппараты, нашар дамыған эндоплазмалық тор, рибосомалар, гликогендер болады, ұсақ май тамшылары сақталатындықтан, оларды көп тамшылы адипоциттер деп атайды. Диаметрi ақ май ұлпасындағы аттастарынан 10 есе кiшi болады. Адипоциттер ерекшелiгiне көптеген iрi митохондрийлер болуы жатады. Адипоциттер мен қоңыр май ұлпасының түрiн осы митохондрийлердегi темiрлi бояутектермен байланыстырады.
Ретикулин ұлпасы (textus connectivus reticularis) қан түзу ағзаларының (миелоидты, лимфоидты) стромасын құрып, бауыр қойнауын қоршап, торлы құрылым түзiп, ретикулин талшықтары және ұзын өсiндi түзетiн жасушаларынан (фибробластардан) тұрады. Олар үлкен фагтармен бiрге арнайы микроорта құрып, әртүрлi қан жасушаларының көбеюiн, жетiлуiн және аууын қамтамасыз етедi.
Достарыңызбен бөлісу: |