46. Экзоцитоз дегеніміз қандай ұғым? Оның үлгісін сызба түрінде түсіндіріңіз
Экзоцитоз – заттардың жасушалардан сыртқа шығарылу процесі. Экзоцитоз кезінде жасуша цитоплазмасындағы әртүрлі протеин молекулалары, мукополисахарид немесе май тамшылары, ферменттер және т.б. заттар көпіршіктер түрінде жасуша плазмолеммасымен қапталып, жасушадан сыртқа шығарылады.Экзоцитоз процесінің іске асуына цитоплазмадағы микротүтікшелер мен жиырылғыш микрофиламенттер қатысады.Экзоцитоз эукариоттарда клеткаішілік везикулалар (мембраналық көпіршіктер) сыртқы клеткалық мембранамен араласатын клеткалық процесс. Экзоцитоз кезінде жиналған секреторлық везикулалар сыртқа шығады, ал олардың мембранасы клеткалық мембранамен араласады. Практика жүзінде барлық макромолекулалық қосылыстар (белок, пептидті гормондар және т.б.) осы жолмен клеткадан шығады.Прокариоттарда экзоцитоз процесі кездеспейді.Экзоцитоз негізінен 3 негізгі тапсырманы орындайды:
- Клетка мембранасына өсуі үшін липидтерді жеткізу;
- Әртүрлі қосылыстардың клеткадан босапшығуы, мысалы токсинді заттар және сигналды молекулалар (гормондар немесе нейромедиаторлар);
- Клетка мембранасына мембраналық белоктар қызметін атқаратын рецепторларды жеткізу;
Достарыңызбен бөлісу: |