1. Клетка ілімінің пайда болу тарихы. Клетка теориясының негізгі қағидалары


Клетка аралық байланыстарды сызба түрінде түсіндіріңіз?



бет60/72
Дата06.01.2022
өлшемі426,31 Kb.
#11922
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   72
Байланысты:
Клеткалар мен ұлпалар биологиясы

48. Клетка аралық байланыстарды сызба түрінде түсіндіріңіз?

 Көп клеткалы организмдерді организмдерді клетка аралық қатынастар байланыстырып тұрады.Мұны тіпті ұрықтық ұлпалардың клеткаларынна да байқауға болады. Осы ұлпалар сияқты клеткалардың бір-бірімен бірігуін, қосылысуын адгезия деп атайды. Ал осындай қасиет клетканың плазмалеммасының бетінде жатқан химиялық қосылыстардың ерекшеліктерімен де сипатталады. Клетк аралық заттардың механизмі әлі толық зерттеліп біткен жоқ. Әйтсе де кейбір  мәліметтер бойынша бұларды байланыстырып тұратын плазмалеммадағы липопротеидтер мен гликокаликс арасындағы өзара байланыстар екен.Эмбрионльды клеткалардың плазмалемма мембраналарының арасындағы осындай байланыстар саңылауы 20 нм шамасындай болады. Ал, саңылаудың өзі гликокаликске бай болып келеді.



Атқаратын қызметіне қарай клетка байланыстарын айырғыш, механикалық және химиялық деп 3 түрге бөледі. Бірінші топқа жай, құлып тәрізді немесе десмосом байланыстары жатады.Екінші топқа тығыз байланыстар, үшіншісіне саңылау арқылы қосылысатын  байланыстар жатады. Жай байланыс жолымен көптеген клеткалар қосылады, мұнда екі плазмалемманың арасындағы кеңістік 15-20нм-ге дейін барады. Плазмалеммаға цитоплазма келіп жалғаспайды. Тіпті байланыс (құлып), әсіресе эпителий ұлпаларында көп кездеседі, мұнда клетканың плазмалеммасы бір-біріне инвагинации жасап қосылады.Десмосомды байланыста мембрана аралығында тығыз орналасқан заттарға циоплазма эағынан электронды тығыз орналасқан жіңішке талшықтар келіп түйіседі. Десмосома аумағы 0,5мкм шамасындай. Десмосома механикалық қызмет атқарады. Тығыз байланыста екі плазмалемманың сыртқы беттері  бір-біріне түйісіп қалыңдығы 2-3нм-дей қабат түзеді. Бұл мембраналардың түйісетін орындары болады. Тығыз десмосома бйланысын толық көру үшін күрделі дістер қолданылады. Сонда цитоплазма жағынан бұл аймаққа көптеген жіңішке жіпшелердің  орналасатынын көреміз. Тығыз байланыстар арқылымолекулалар мен иондар алмасуы жүрмейді. Мұндай байланыстар эпителий, эндотелий және мезенхима клеткаларының аралықтырында байқалады. Саңылаулы байланыстардың негізгі қызметі – клетка аралық байланыстрды реттеу, атап айтқанда химиялық заттардың алмасуын,  әсіресе дамып келе жатқан клеткалардың байланысын күшейтіп, төменгі молекулалы қосылыстардың бір клеткадан екінші клеткаға өтуін қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет