47. Клеткалық циклдың реттелуі туралы түсіндіріңіз
Жасушалық цикл – аналық жасушаның бөліну арқылы түзілген жаңа жасушаның өзіндік өлінуге дейінгі кезеңді жасушалық цикл деп атаймыз. Жасуша тіршілігінің негізгі кезеңдері:
• Өсу фазасы,
• Бөлінуге дайындық фазасы
• Бөліну фазасы
Жасушалық цикл 3 негізгі кезеңдерден тұрады: интерфаза, митоз және цитокинез.
Жасушалық циклдің фазалары
G1, S, G2 - фазалар бірге интерфаза деп аталады (яғни, жасуша бөлінуінің аралық фазалары). Бұл фазадағы бірқатар жасушалар G0 фазасына өтеді, бұл жасушалар қызмет атқарып, содан кейін бөлінусіз жойылады (мысалы, эритроциттер).
G1- фазасы жылдам синтезбен сипатталады: митохондрия, Гольджи комплексі, ЭПТ, ядрошық, рибосомалардың түзілуі. Сонымен қатар жасушада құрылымдық және функциональдық ақуыздар түзіліп жасушаның өсуі жүреді.
S фазада -ДНК репликациясы немесе екіеселену процестері өтеді. Гистондық ақуыздардың синтезі жүреді. Әрбір хромосомалар екі хроматидке бөлініп өзара центромера немесе кинетохормен байланысады.
G2 фазада биосинтез процесі жүреді және АТФ немесе макроэргтар түрінде энергия сақталады, митохондрия ,өлінеді. Бөліну ұршығы түзіліп, центриольдер репликациясы жүреді. Клетканың М фазаға өтуі М қолдаушы aакторлармен бақыланады.
Интерфаза біткеннен кейін кариокинез немесе митоз басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |