квоталарды сату, мемлекеттер немесе оның территориясындағы жеке шаруашылық субъектілері ұлттық, аймақтық немесе халықаралық нарықта парникті газдардың шығарылымдарына квотаны сатуға, сатып алуға мүмкіндігі бар;
- бірлескен жобаларды іске асыру – парникті газдардың шығарылымдарын азайту туралы бір мемлекет (Қосымша I елдері) территориясындағы орындалып жатқан жобалар басқа мемлекеттің (I Қосымша елдердегі) толық немесе жарым-жартылай инвестициялары есебінен жүргізілуіне болады;
- таза даму механизмдері – парникті газдардың шығарылымдарын азайту туралы бір мемлекет (әдетте дамушы елдерде) территориясындағы орындалып жатқан жобаларды Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына кіретін елдердің (Қосымша I елдері) толық немесе жарым-жартылай инвестициялары есебінен жүргізуіне болады.
2009 жылдың 26 наурыздағы ахуал бойынша Хаттамаға 181 мемлекет қол қойды (бұл елдерге әлем бойынша қоршаған ортаға бөлінетін жалпы зиянды заттардың 61% келеді). Айта кетерлігі бұл тізімге сол кездегі АҚШ президенті Джордж Буш қол қоймады. Ал кейінгі президент Барак Обама ғаламдық жылынуға қарсы күресушілердің бірі екенін көрсетті. Ол технологиялық революция жасау арқылы 50 жылдан кейін АҚШ-та мұнай, газ, көмір жағылмайтын дәрежеге жетіп, энергияның жаңа көздеріне көшуіміз керек дейді.
Хаттаманы жүзеге асырудың бірінші кезеңі 2008 жылы 1 қаңтарда басталып, бес жыл, яғни 2012 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады. Бұдан кейін оның орнына жаңа келісім жасалуы керек.
Бұл келісім 2009 жылы желтоқсанда Копенгагенде өткен БҰҰ-ның конференциясында қабылдануы керек еді. Алайда Копенгагенде өткен (желтоқсан, 2009 ж.) Климат туралы Халықаралық саммит үмітті ақтамады. Саммитке қатысушылардың көпшілігі 25 елдің басшылары жасаған шешімдерін қабылдауды мақұлдады. Еске сала кететін жайт, бұл келісімді қоршаған ортаға бөлінетін парникті газдар үлесінің көп бөлігі келетін АҚШ және Қытай мемлекеттерінің басшылары да мақұлдады. Келісім бойынша 2010 жылдың ақпан айына дейін температураның жоғарылауына алып келетін атмосфераға бөлінетін парникті газдардың мөлшерін азайту туралы міндеттеме болатын. Ал 2012 жылға қарай климаттың өзгеруімен күресу үшін дамушы елдерге АҚШ пен Батыс Европа елдері 10 миллиард доллар қаржы бөлуі керек. Алайда климаттың ғаламдық жылынуын тоқтатуға арналған саммит саяси теке-тіреске айналып, тиімді шешімге алып келмеді. Қазақстанда азкөміртекті экономика және парникті газдардың мөлшерін азайту мақсатында Қосымша I елдері қатарына кіру үшін Киото хаттамасы елдерімен халықаралық келіссөздер жүргізуге арнайы топ құрылған. Сол үшін Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты мен позициясы туралы ақпараттық бюллетень дайындалуда. Қазақстанның Қосымша I елдері қатарына кіруі Қазақстанда ұлттық квоталарды жасаудың жүйесін құруға мүмкіндік береді. Энергияны тиімді пайдалану бағдарламасын іске асыру, ендіру және қайта орнына келетін энергия көздерін пайдалану еліміздің дамуына, сыртқа шығаратын өнімдерге Европа елдері мен АҚШ-та ендіріліп жатқан «климаттық салық салудың» болмауына мүмкіндік береді.