Жылдар 1 2 3
Соңғы жарты миллион жылдағы климаттық индикатор: уақыттық шкаланың әр бөлігі – 20 000 жыл.
1 - мұхит деңгейінің өзгеруі, 2 - теңіз суындағы О2 концентрациясы, 3 - антарктикалық мұздардағы СО2 концентрациясы. Теңіз деңгейінің көтерілуі, СО2 концентрациясы және 18О изотоптарының минималды мөлшері мұздықтанулар арасындағы температураның жоғары мәніне сәйкес келеді
Ғаламдық жылыну әсерінен температура барлық жерде көтеріледі дегенді білдірмейді. Кейбір жерлерде жаздың орташа температурасы көтерілуі және қыстың орташа температурасы төмендеуі мүмкін, яғни климат шұғыл континенталды болады. Жер бетіндегі температураның көтерілуін барлық маусымдар бойынша, барлық географиялық аймақтардың орташа температурасын есептеу арқылы анықтауға болады.
Кейбір гипотезалар бойынша планета температурасының жоғарылауы Гольфстримнің әлсіреуіне немесе тоқтауына алып келеді. Бұл Европадағы орташа температураның төмендеуіне әсер етеді (алайда кейбір аймақтарда температура жоғарылауы мүмкін). Өйткені Гольфстрим құрылықты тропикалық жылы сулары арқылы қыздырады.
Соңғы бір жарым ғасырдағы әртүрлі зерттеу орталықтарының мәліметтері бойынша ғаламдық температураның динамикасы
Жер бетіндегі климаттың жылынуына байланысты процестердің бірі – мұздықтардың еруі. Соңғы жарты ғасырда Антарктиканың оңтүстік-батысында, Антарктика түбегінде температура 2,5ºС-қа көтерілген. 2002 жылы аумағы 3250 км2, қалыңдығы 200 метрден асатын Ларсен мұздығынан көлемі 2500 км2 айсберг бөлінген. Яғни, мұздық бұзылуы бар-жоғы 35 күнде жүрді. Ал бұған дейін мұз дәуірі аяқталғаннан бері 10 000 жыл бойы мұздық тұрақты болған. Мұздықтың жылдам еруі ХХ ғасырда жүрді, мысалы Уэдделл теңізінде мұздықтардан бөлінген мыңнан аса жаңа айсбергтер пайда болды.
Мәліметтер бойынша келесі ғасырдың басына дейін Жер бетінің температурасы 1,4º-қа көтеріледі. 1997 ж. Киото хаттамасына сәйкес, өнеркәсібі дамыған елдер 2008-2012 жылдарға дейін 1990 жылмен салыстырғанда парникті газдардың атмосфераға бөлінуін 55%-ға дейін азайту керек. Алайда бұл хаттаманың шешімдері әлі күнге дейін күшіне енген жоқ. Өйткені дамыған елдер бұл шешімнің дұрыстығына күмәнмен қарауда.
2000 жылы Гаага қаласында өткен конференцияда әрбір индустриалды елде зиянды заттарды атмосфераға бөлуді азайтудың ұлттық саясаты жүргізілу керектігі туралы шешім қабылданды. Өкінішке орай, көптеген елдер көміртегінің атмосферадағы азаюын ормандар мен топырақтың сіңіруінен емес өздерінің іс-әрекеттері арқасында деп көрсеткісі келеді.
Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ Конвенциясы
Достарыңызбен бөлісу: |