1. Климаттың ғаламдық жылынуы, себептері, салдары Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ Конвенциясы Климаттың ғаламдық жылынуы


Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ-ның конвенциясы



бет4/5
Дата08.12.2023
өлшемі223,52 Kb.
#134995
1   2   3   4   5
Байланысты:
4 apta (1)

Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ-ның конвенциясы (Framework Convention Climate Change, UN FCCC) – 180-нен аса ел қол қойған, климаттың өзгеруі проблемасы туралы мемлекеттер әрекеттерінің жалпы принциптері туралы келісім. Конвенция 1992 жылы Рио-де-Жанейро қаласында «Жер саммитінде» салтанатты түрде қабылданып, 1994 жылдың 21 наурызынан күшіне енді.
Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ-ның конвенциясына қол қойған елдерді 3 категорияға бөледі:

  1. Қоршаған ортаға бөлінетін зиянды заттар бойынша ерекше міндеттеме алған мемлекеттер (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мүшелері мен экономикасы өтпелі кезеңдегі елдер);

  2. Дамушы елдерге және экономикасы өтпелі кезеңдегі елдерге қаржылық көмек көрсету туралы өздеріне ерекше міндеттемелер алған мемлекеттер (тек Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына кіретін елдер);

  3. Дамушы мемлекеттер.

Ғаламдық температураның жылынуы туралы мәселелер қоршаған ортаның проблемаларын бірлесіп шешу үшін бүкіл адамзаттың бірігіп қимылдауына ықпал етті. Конвенция сандық міндеттемелерді жүктемейді, сондықтан оны анықтау үшін қосымша құжат – Киото хаттамасы дайындалды. Конвенция мәтіні бойынша, қоршаған ортаға бөлінетін парникті газдардың мөлшерін әрбір елге белгіленген квоталарға сәйкес шектеу және реттеу туралы міндеттемелер алынды.
Киото хаттамасы – 1997 жылы желтоқсан айында Киото қаласында (Жапония) қабылданған Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ-ның конвенциясына (UN FCCC) қосымша халықаралық құжат. Бұл құжат дамыған елдер мен экономикасы өтпелі кезеңдегі елдерден бөлінетін парникті газдардың мөлшерін 2008-2012 жылдары 1990 жылмен салыстырғанда қысқарту немесе тұрақтандыру туралы. Хаттамаға қол қою кезеңі 1998 жылғы 16 наурызда басталып, 1999 жылы 15 наурызда аяқталды.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына кіретін елдер (Қосымша II елдері) 2008 жылдың 1 қаңтарымен 2012 жылдың 31 желтоқсаны мерзімінде өздері үшін 6 түрлі газдардың (көмір қышқыл газы, гидрофторкөмірсутектері, метан, перфторкөмірсутектері, азот тотығы және SF6) жалпы орташа деңгейін азайтудың сандық міндеттемелерін анықтады.
Негізгі міндеттемелерді индустриалды мемлекеттер алды:

  • Евроодақ шығарындыларды 8%-ға азайтуы керек;

  • Жапония мен Канада 6%-ға азайтуы керек;

  • Шығыс Европа мен Прибалтика елдері орташа 8%-ға азайтуы керек.

Дамушы елдер - Қытай және Үндістан өздеріне міндеттеме алмады.
Киото хаттамасы қоршаған ортаның мәселелерін реттеудің нарықтық механизмдеріне – парникті газдарды бөлудің квоталарын халықаралық дәрежеде сатуға негізделген алғашқы ғаламдық құжат болды.
Киото хаттамасы бойынша мемлекеттер қоршаған ортаға бөлінетін парникті газдардың мөлшерін азайту туралы алдарына қойған міндеттемені жеке немесе басқа елдермен ынтымақтастықты түрде бірігіп орындауына болады. Евроодақ елдері бірігіп жұмыс істеуге шешім қабылдады. Климаттың өзгеруі туралы Европалық бағдарлама бұған «Евроодақтың парникті газдарды қоршаған ортаға бөлуді сату схемасы» деген шығарындыларға берілетін квоталарды сату жүйесін пайдалану арқылы қол жеткізбекші. Бұл схеманың принциптері қарапайым: Киото хаттамасы бойынша өз міндеттемелерін орындау үшін елдер қоршаған ортаға бөлінетін шығарындыларының мөлшерін азайтуға немесе басқа елдерден бөлінетін шығарындылардың азайған мөлшерін пайдалануға болады. Яғни, кез келген мемлекет өзіне берілген квотаға сәйкес шығарындыларды қысқарту арқылы квотаның «артығын» басқа елдерге сатуға мүмкіндігі бар.
Сонымен қатар, Хаттамада мынадай механизмдер қарастырылған:
-

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет