Ата-аналар үшін:
баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;
оның оқуындағы табыстылықты бақылауға;
оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.
Оқуды бағалау критерийі арқылы бағалау оқу үрдісі аясында оқушылардың жетістіктері мен пәнді түсіну деңгейін үздіксіз бақылап отыра аламыз. Нақтырақ айтқанда, жетістік критерийі арқылы қалыпты оқытудың құрамдас бөлігі ретінде жүзеге асуы керек[7] .
. Рәсімдерді жоспарлау және жиынтық бағалау құралдарын құрастыру
Жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасында қазақ тілін тек жеке пән ретінде ғана меңгертуді емес, оқушылардың жалпы білім алуының негізгі құралы ретінде оқытуға және функционалдық білім беру бағдарына баса назар аударылады.
Бұл ерекшеліктер тек оқушы үшін ғана емес, пән мұғалімі үшін де жан-жақты ізденісті, шығармашылықты талап етеді. Сондықтан да қалыптастырушы бағалауда мұғалім жұмысты қадамдап жоспарлап, табысқа жету алгоритмін құра білуі керек. Кез-келген пән бойынша бағдарлама мазмұны мен оқыту мақсатына сәйкес қалыптастырушы бағалау тапсырмасын құруда мәселелер туындап жататыны анық. Тапсырма түрін таңдау , бағалау тәсілін анықтау, сапалы тапсырма құру деген мәселелер жиі кездеседі. Қазақ тілін бірінші және екінші тіл ретінде меңгертуді қадамдап жоспарлау кезінде қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының көптеген түрлерін жоспарлап, қолданып жүрміз. Сол қалыптастырушы бағалау тапсырмасының формаларына тоқталатын болсақ:
- материалдың оқыту мақсатына сәйкес меңгерілу деңгейін анықтау мақсатында даярланатын тапсырмалар;
- тыңдалған немесе оқыған мәтіні бойынша алған ақпаратты қаншалықты дұрыс түсінгендігін тексеру және қажетті ақпаратты таба білуге бағытталған тапсырмалар.
Жиынтық бағалау құралдарын құрастыруда берілген сұрақтар мен тапсырмалар мұғалімге көмек ретінде ұсынылады
Достарыңызбен бөлісу: |