2.Аффективті (эмоциялық-құндылықтық) сала. Оған қоршаған ортаның құбылыстарын қарапайым қабылдаудан бастап құндылықтық бағдарлану мен белсенділік танытуды қалыптастыру мақсаттары енеді.Бұл салаға қызығушылық пен қабілеттерді қалыптастыру, басқа да бір сезімге алаңдау, оны әрекеттің барысында ұғыну мен көрсетуі сияқты мақсаттар кіреді.
3.Психомоторлық сала. Бұнда қимыл-қозғалыс (моторлық), манипулятивті әрекет, жүйке-бұлшық ет үйлесімділігін қалыптастырумен байланысты мақсаттар қамтылады.Бұл жазу дағдысы, тілдік дағдылар, дене тәрбиесі мен еңбекке баулу ұсынатын мақсаттар [3].
Блум таксономиясы негізіндегі оқу пәнінің мақсаттарын нақтылау екі кезең бойынша жүреді:алғашқысында курстың мақсаты анықталады да, екіншісінде күнделікті іс-әрекеттің мақсаты анықталады. Мақсаттарды толық өлшемдіетіп, ал оқытуды қалпына келтіру үшін әр мақсатқа қол жеткізудің критерийлерін ұсыну керек. Басқаша айтқанда, оқу мақсаты мен оның жетістігі және бір мағыналылығы жөнінде кесіп-пішіп айтатындай болып сипатталуы тиіс.
Блум таксономиясындағытанымдық деңгейдің алты қадамы бойынша мақсатты айқындау мұғалімдер үшін қиындық туғызары анық. Сондықтан төмендегі кестелердемұғалімдер үшін мақсаттарды айқындаудың шартты түрдегі талаптары келтіріледі(1, 2-кестелер).
1-кесте. Когнитивті саладағы оқу мақсаттарының категориялары
Білім Бұл категория зерделенген материалды есте сақтау мен қайта жаңғыртуды білдіреді.
Оқушы:терминдерді, нақты фактілерді, әдістер мен тәртіпті, негізгі түсініктерді, ережелер мен қағидаттарды біледі.
Түсіну
Зерделенген материалды түсіну қабілетінің көрсеткіші оны бір формадан екінші формаға, өзгерту, (трансляция) бір тілден басқа тілге «ауыстыру»(мысалы, тілдік формадан математикалық формаға) болып табылады. Оқушының оқу материалын өзінше түсіндіруі (қысқаша түсіндіруі) немесе оқиға мен құбылыстың әрі қарайғы барысын жорамалдауы да (салдарын, нәтижесін алдын-ала болжауы) түсінудің көрсеткіші болып табылады. Бұндай оқу нәтижелері материалды құрғақ есте сақтаудан асып түседі.
Оқушы:фактілерді, ережелер мен қағидаттарды түсінеді, тілдік материалды, графиктер мен диаграммаларды түсіндіреді (интерпретациялайды), тілдік материалды математикалық өрнекке өзгертеді, қолдағы бар деректерден туындайтын нәтижелерді жобалап сипаттайды.