1. Когнитивті(танымдық) сала


ГЛОССАРИЙ Критериалды бағалау



бет14/16
Дата23.12.2022
өлшемі0,55 Mb.
#59243
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
ГЛОССАРИЙ


Критериалды бағалау – оқушылардың оқу-танымдық құзыретін қалыптастыруға жағдай жасайтын, білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес білім беру процесіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Критерий - ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесі, негіздемесі және белгісі. Әр критерийдің дискрипторы болады, онда оқу тапсырмасының орындалу нәтижесінің дұрыстығы туралы нақты түсінік беріледі. Дискрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатына жетуін анықтайды.
Қалыптастырушы (ағымдағы) бағалау –сабақта күнделікті жүзеге асатын, білім мен дағдыны меңгеру деңгейін анықтайтын бағалау. Қалыптастырушы бағалау білім беру процесінде оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара тығыз байланысты жүзеге асырады. Сонымен қатар, оқушыларға жаңа материалды меңгеруде тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындағандығын білуге және оқытудағы мақсаттар мен міндеттерді орындауға мүмкіндік туғызады.
Ішкі жиынтық бағалау – оқу ақпараты блогын оқып болғаннан кейін білім және оқу дағдысының қалыптасу деңгейін анықтау. Ішкі қорытынды бағалауды педагогтар немесе мектеп әкімшілігі жүзеге асырады.
Сыртқы жиынтық бағалау – бастауыш мектепте (5-сынып), негізгі мектепте (10-сынып), жоғарғы мектепте (11-12 сынып) оқу дағдысы мен білімін қалыптастыру деңгейін анықтайды. Қорытынды жұмыстарға қойылған баға, оқытудың есеп беру кезеңінің қорытынды бағасын анықтауға негіз болып табылады.
Оқушылардың жетістіктері туралы есеп – оқушы бойында қандай біліктің қалыптасқандығын, сондай-ақ алған білім-біліктілігін іс жүзінде қалай қолданатындығын көрсететін, белгілі бір кезеңдегі ақпарат.
Портфолио – оқушының білім алудағы белгілі бір кезеңде, бір немесе бірнеше пән бойынша жетістігін, ілгерілеушілігін, оқытудағы нәтижесін көрсететін жеке жетістіктер бағасын тіркеу әдісі. Портфолио критериалды жүйені енгізуде оқушы нәтижелерін шынайы және әділ бағалау мақсатында енгізіледі.
Модерация – шынайылық пен әділдік үшін бағалауды стандарттау мақсатында бір пәннен беретін мұғалімдердің бір сынып оқушыларының қорытынды жұмысын талқылау процесі. Модерация білім беру процесінің нәтижесі мен сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет