1. Когнитивті(танымдық) сала


 Оқытудың кіріктірілген үдерісі



бет4/16
Дата23.12.2022
өлшемі0,55 Mb.
#59243
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
1 О ушыларды критериалды ба алау ж йесі

1.3. Оқытудың кіріктірілген үдерісі
Оқу мақсаттары
Олар қандай? Мен қайда талпынамын?
Мен қай тұстамын?Оқу мақсаттарына қатысты оқушының қарым-қатынасы
Бөлім/тақырыптардың негізгі идеясы қандай?
Критерийлер
Оқушылар мен мұғалімге түсінікті ме?
Сапалы жұмыс қандай болады? Өзімнің қай деңгейде екенімді қалай білуіме болады?
1-сурет. Сабақтағы қалыптастырушы бағалау.


  1. Оқу мақсаттары мен күтілетін нәтиже. Қол жеткізілетін және күтілетін нәтижелердің арақатынасын есепке ала отырып, сондай-ақ, оқушылардың қажеттілігіне қарай мақсатты анықтау.

  2. Бағалау құралдары. Оқу мақсатына жетуді бағалауға мүмкіндік беретін құралдарды (критерийлер, дескрипторлар, деңгейлер және т.б.) құрастыру.

  3. Оқыту әдістері мен бағалау. Сабақта оқу мақсатына жетуді қамтамасыз ететіндей іс-әрекеттерді жоспарлау.

Таксономияның басты принциптерінің бірі – ол практик–мұғалімнің қолында тиімді құралы болуы тиіс. Б.Блум педагогикалық техникалардың бірнеше соны тәсілдерінің авторы болып табылады. Соның бірі -«Блум текшесі».


Текшенің қырларында сұрақтар жазылған:
«Неге»,
«Түсіндір»,
«Атап шық»,
«Ұсын»,
«Ойлап тап»,
«Бөліс»
Мұғалім (немесе оқушы) текшені лақтырады.Текшенің өзіне қараған қыры бойынша оқу материалына сай сұрақ құрастыру керек.Мысалы, «Атап шық...» сөзінен басталатын сұрақ репродукция деңгейіне, яғни білімді қайта жаңғырту деңгейіне сай келеді.
«Неліктен...» деп басталатын сөздің сұрақтары процессуалды білімге сай келеді.Оқушы бұл жағдайда себеп-салдарлы байланыстарды табуға, белгілі бір заттар мен құбылыстарға қатысты болған үдерістіреді сипаттауы тиіс.
«Түсіндір...» сұрағына жауап беруде оқушы ұғым мен түсініктерді жаңа жағдайға қолданады, заңдар мен теорияларды нақты практикалық жағдаяттарда қолданады, әдіс пен тәсілдерді дұрыс қолдана алуын көрсетеді.
Ал, «Ұсын..»,«Ойлап тап...»,«Бөліс...» тапсырмалары оқушының ойлау әрекетін жандандыруға бағытталады.Ол жабық (жасырын) болжамдарды шығарады, фактілер мен салдарлар арасындағы айырмашылықты анықтайды, мәліметтерді талдайды, маңыздылығын бағалайды, әртүрлі салалардың білімін қолданады.Қарабайыр жаттаудың оқу материалын оқушының нәтижелі игеруіне көмектеспейтіні анық.
Бұл тәсілді қолданудың екі түрлі жолы мүмкін болады:

  • мұғалім сәйкес сұрақтар қояды:

  • оқушы сұрақтар құрастырады.

Әрі репродуктивті сипатты сұрақтарға жауап беру ғана емес, оларды құрастырудың анағұрлым жеңіл екенін аңғаруға болады.Себеп-салдарлы байланыстарды іздеуге бағытталған сұрақтарды құрастыру қиынырақ. «Ұсын...», «Ойластыр...», «Бөліс...» сөздерімен басталатын сұрақ-тапсырмаларын құрастыру одан да қиын. Әрине, мұғалім сұрақ-тапсырмалар құрастырумен байланысты оқушының еңбегін нақты бағалауы керек [4].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет