12. Вирусқа қарсы бағдарлама – бұл … a) тексеру және тану бағдарламалары
b) компьютерлік вирустарды тауып, емдеу бағдарламалары c) вирустарды тек айқындайтын ғана бағдарламалар
d) мұрағаттаушы, мұрағаттан шығарушы бағдарламалар
13. Компьютерлік вирустар… a) компьютердің жабдықтық бөлігіндегі ақауға байланысты пайда болады
b) дұрыс жазылмаған бағдарламалармен жұмыс істеуде туындайды
c) амалдық жүйедегі қателіктердің салдары болып табылады
d) компьютерге зиян келтіру үшін адамдар қолымен қасақана әзірленеді 14. Компьютерлік вирустардың өзіндік ерекшеліктері … a) бағдарламалық коды көлемінің үлкендігі
b) пайдаланушы тарапынан қосу қажеттілігі
c) амалдық жүйенің кедергіге сезімталдық қабілеттілігін күшейтеді
d) компьютердің дұрыс жұмыс істеуіне кедергілер тудыру және өз бетімен іске қосылу қабілеттілігі 15. Бөлек нысандарды вирус бар-жоғына қалай тексеруге болады? a) нысанды тінтуірдің оң жақ батырмасымен шерту – Вирусқа тексеру b) нысанды тінтуірдің сол жақ батырмасымен шерту – Вирусқа тексеру
c) нысанды тінтуірдің оң жақ батырмасымен шерту – Ортақтастыру мен қауіпсіздік
d) нысанды тінтуірдің сол жақ батырмасымен шерту – Ортақтастыру мен қауіпсіздік
ТЕСТІЛЕР
5-модуль. Жергілікті желі 1. Кабель арқылы өзара жалғанған бірнеше компьютерлер тобы – бұл ... а) компьютер сыныбы
b) желілік бейімдеуіш
c) жергілікті желі d) топология
2. Жергілікті желі ... үшін қызмет етеді. a) компьютерлер арасында мәліметтер алмасу b) компьютердің сипаттамасын жақсарту
c) басып шығару жылдамдығын арттыру
d) компьютердің жұмыс істеу қауіпсіздігі
3. Желідегі компьютердің атауын білу не үшін керек? a) пайдаланушыны қалай шақыруды білу үшін
b) эстетикалық түр үшін
c) желідегі компьютерді іздеу үшін d) оны өшіру үшін