1. Конфликтілерді басқарудың негізгі мақсатын анықтап, сипаттама беріңіз Конфликттерді басқару



бет12/17
Дата14.09.2023
өлшемі128,88 Kb.
#107553
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
конфликт ответы) (копия)

Бақталастық – конфликтілік жағдай шешілмейді, ол тек уақытша
басылады. Әрбір жақ өзінің ойында қалады және өз дегендерін қарама –
қарсы жаққа зиян келтіру арқылы өз дегендеріне жетуге тырысады.
Бақталастық стилін төменгі жағдайларда қолдану тиімді болып
саналады:
- шешім қабылдау үшін сіздің айтарлықтай беделіңіз бар болған
жағдайда;
- шешімді дереу қабылдау керек, ал айтарлықтай билік сіздің
қолыңызда;
- басқа жолдың жоқ екендігін сезесіз және бұл жағдайда еш нәрсе
жоғалтпайсыз;
- сіз қиын жағдайдысыз, дереу шешім қабылдау керек болған жағдайда;
- қалыпты емес шешім қабылдау керексіз, билік сіздің қолыңызда.
Бұндай жолды таңдағанда сізді көпшілік қолдамауы мүмкін, бірақ бұл
іс - әрекетіңіз дұрыс нәтиже берсе сізді жақтаушылар да пайда болуы әбден
мүмкін.
Конфликтіден қашу стилі – ешкіммен келіспей тек өзіңіздің
құқықтарыңызды жақтайсыз немесе мүлдем шешім қабылдаудан бас
тартасыз, яғни конфликтіден қашасыз. Бұл стильді, қарастырылып жатқан
мәселе сіз үшін мүлдем маңыздылығы жоқ жағдайда қолдануыңызға болады.
Конфликтіден қашу – бұнда конфликтіге қатысушының біреуі мүмкін
қулықтарды қолдану арқылы конфликтіден қашуға тырысады
Конфликтіден қашу стилін мынадай жағдайларда қолдануға болады:
- нәтиженің сіз үшін маңыздылығы жоқ немесе оған күш жұмсағыңыз
келмеген жағдайда;
- сіз үшін ауыр күн болды, ал бұл проблеманың шешімі тағы да қиындық
туғызады;
- уақыт ұтып алу керек болғанда;
- жағдай өте қиын, конфликтіні шешу сізден өте көп күшті талап етеді;

- проблеманы шешу үшін сіздегі билік көзі жеткіліксіз,


- басқа адамдарда бұл проблеманы шешу үшін мүмкіндігі көп екенін
түсінесіз және т.б.
Икемделу стилі – өз пікіріңізді дәлелдемей, басқа адаммен бірлесе
шешім қабылдайсыз. Қарастырылып отырған проблеманың нәтижесі сіз үшін
маңыздылығы жоқ, ал басқа адам үшін өте маңызды болғанда осындай
жолды таңдай аласыз.
Икемделу – конфликтіге қатысушылардың біреуі әрқашан және барлық
жағдайда қарсыластарымен келіседі, оларға орын беріп, толығымен
бағынады.
Төменде көрсетілген жағдайларда икемделу стилі қолайлы болып
саналады:
- болған жағдай сізді қызықтырмайды;
- басқа адамдармен жағымды қарым–қатынас сақтағыңыз келеді;
- шындық сіз жақта екенін түсінесіз;
- жеңу үшін мүмкіндігіңіз аз екенін түсінесіз;
- сіз басқа адамға жол берсеңіз ол бұл жағдайдан өзі үшін қажет нәтиже
шығара алатынын түсінесіз.
Ынтымақтастық стиль – ең тиімдіі және ең қиын стиль болып
саналады. Егер конфликтіге қатысушы екі адам да туындаған проблеманың
себебін түсініп отырса, онда жаңа альтернативалар мен ыңғайлы компромисс
жолдарын табуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет