Қызметі: Қорғаныш, Құрамында лимфа тінінің жиынтығы-ішекпен біріккен лимфа тінінің бір бөлігі саналады
Препаратта құрт тәрізді өсінді берілген.Құрт тәрізді өсінді-тоқ ішектің бастапқы бөлімі.Лимфа тінінің үлкен жиынтықтары кездеседі.Пішіні дөңгелек қуыс тәрізді. Шырышты қабықшасында ішек криптілері болады.Бездер құрамында бокал тәрізді жасушалар,М жасушалар,энтероэндокриноциттер болатын-1 қабатты бағаналы эпителиймен қапталады.Криптілердің түбінде Панет жасушалары көптеп кездеседі.Шырышты қабықшаның бұлшықет табақшасы нашар дамыған.Ал меншікті табақшасы шекарасыз шырыш асты негізге ұласады.Меншікті табақшада және шырышасты негізде лимфа тінінің ірі жиынтықтары болады.Шырышасты негізде қан тамырлары мен шырышасты жүйке өрімдері орналасады. Бұлшықетті қабықшасына келсек,2 қабаттан тұрады:ішкі айналмалы,сыртқы бойлай.Аппендиксте бойлай бағытталған бұлшықет қабаты тұтас болады.Өсіндіні сыртынан сірлі қабық жабады.Ол аппендикстің меншікті шажырқайын құрайды. Құрамындағы лимфа тінінің жиынтығы-ішекпен біріккен лимфа тінінің бір бөлігі саналады.
Қызметі: Зат алмасу өнімдерін залалсыздандыру,қорғаныш реакциясы,қандағы глюкоза деңгейін ұстап тұру.
Препаратта бауыр берілген.Бауыр-асқорыту жолының ең үлкен безі.Сыртынан дәнекер тіннен құралған капсула қаптайды.Бауыр паренхимасы бауыр бөлікшелерінен тұрады.Бауыр бөлікшелері бауыр арқалықтарынан және бөлікшеішілік синусоидты қан қылтамырларынан тұрады.Бауыр эпителиоциттерінен тұратын бауыр арқалықтарыы радиальды бағытта орналасқан.Олардың арасынан орталыққа қарай бағытталған қан қылтамырлары өтеді.Бөлікшеішілік қанқылтамырлары жазық эндотелиоциттермен тысталады.Эндотелиоциттер арасында жұлдыз тәрізді макрофагтар шашырай орналасады.Пішіні өсінділі болып келеді.Бөлікшеішілік қылтамырлардың ұзына бойы,шеткі және орталық бөліктерінен бөлек,базальды мембрана болмайды.Қылтамырларды тар синусоид маңы кеңістігі қоршап тұрады.Бауыр бөлікшелері-бір бірімен анастомозданған жалпақ табақшалардан тұрады.Бұлардың арасында қан лакуналары орналасады.Оларда баяу қан айналымы жүреді.Бауыр бөлікшелері бауыр арқалықтарынан және бөлікше ішілік синусоидты қанқылтамырларынан тұрады.Бауыр гепатоциттерінен құралатын бауыр арқалықтары радиальды бағытталады.Араларынан шеттен орталыққа қарай қан қылтамырлары өтеді.Бөлікшеішілік қан қылтамырлары жазық эндотелиоциттермен қапталады.Қылтамырларды синусоид маңы кеңістігі қоршап жатады.Бауырдың порталды бөлікшесінің құрамына бауыр үштігін қоршайтын көрші 3 классикалық бауыр бөлікшесінің сегменттері кіреді.Пішіндері үшбұрышты,бұрыштарында орталық вена орналасады.Порталды бөлікшеде қан ағымы қанқылтамырларында орталықтан шетке бағытталады.Ал бауыр ацинусы-қатар 2 классикалық бауыр бөлікшесінің сегменттерінен құрала,үшкір бұрыштарынан көктамырлар өтеді.Бауыр жасушалары-бауырдың барлық жасушалық элементтерінің 60 пайызын құрайды.Пішіні дұрыс емес көп бұрышты болады.Жасушалардың васкулярлық және билиарлық бөліктерінің беткейлерінде микробүрлер орналасады.