1-кілегейлі қабығы 2-асқазан шұңқыры 3-асқазанның меншікті бездері 4-кілегейлі қабығының етті пластинкасы 5-кілегей асты қабығы 6-етті қабығы 7-сірлі қабығы Қызметі: Секреторлық,нәруыздардың қорытылуы,астың химиялық өңделуі,химустың жылжуы.
Препаратта асқазанның фундальді бөлігі берілген.Асқазанның қабырғасы:шырышты қабықша,шырышасты негізден,бұлшықетті және сірлі қабықшалардан тұрады.Ішкі беткейіне :асқазан қатпарлары,асқазан алаңдары,асқазан шұңқыршалары тән.Асқазан қатпарлары-шырышты қабықшадан және шырышасты негізден құралады.Асқазан алаңдары-шырышты қабықшаның жүлгелер арқылы шектелген аймақтары.Асқазан шұңқыршалары-мүшенің шырышты қабықшаның меншікті табақшасының эпителийлік тереңдемелері.Шырышты қабықша-эпителийден,меншікті пластинкадан және бұлшықетті пластинкадан тұрады.Меншікті пластинкада бездер орналасып,арасында борпылдақ талшықты дәнекер тін қабаттары болады.Бұлшықет табақшасы –жазық бұлшықет тінінің 3 қабатынан:ішкі және сыртқы-айналмалы ,ортаңғы-бойлай орналасатын қабаттан тұрады.Асқазанның меншікті бездері –бәрінен де көп,қарапайым тармақталған бездер.Асқазан денесі мен фундальді бөлігінде орналасады.Шырышасты негіз-эластикалық талшықтары бар борпылдақ дәнекер тіннен тұрады.Оның ішінде артериалдық және веноздық өрімдер ,лимфа тамырларының торы және шырыш асты жүйке өрімі орналасады.Бұлшық ет қабығына келсек-фундальді бөлігінде нашар дамыған,Жазық бұлшықет жасушаларынан тұратын 3 қабаты бар.Олар:сыртқы-бойлай,ортаңғы-айналмалы,ішкі-қиғаш бағытталған.Ал сірлі қабығы-қабырғасының сыртқы бөлігін түзейді.Үстінен мезотелиймен қапталған борпылдақ дәнекер тіннен тұрады
14. Асқазанның пилорикалық бөлігі. Бояуы - Гематоксилин-эозин.