1-асқазан шұңқырлары 2-кілегейлі қабықтың бір қабатты цилиндр тәрізді безді эпителиі 3-меншікті пластинкасы 4-пилорикалық бездері 5-кілегейлі қабықтың етті пластинкасы Қызметі: Секреторлық,нәруыздардың қорытылуы,астың химиялық өңделуі,химустың жылжуы
Препаратта асқазанның пилорикалық бөлігі берілген.Асқазанның қабырғасы:шырышты қабықша,шырышасты негізден,бұлшықетті және сірлі қабықшалардан тұрады.Ішкі беткейіне :асқазан қатпарлары,асқазан алаңдары,асқазан шұңқыршалары тән.Асқазан қатпарлары-шырышты қабықшадан және шырышасты негізден құралады.Асқазан алаңдары-шырышты қабықшаның жүлгелер арқылы шектелген аймақтары.Асқазан шұңқыршалары-мүшенің шырышты қабықшаның меншікті табақшасының эпителийлік тереңдемелері.Шырышты қабықша-эпителийден,меншікті пластинкадан және бұлшықетті пластинкадан тұрады.Меншікті пластинкада бездер орналасып,арасында борпылдақ талшықты дәнекер тін қабаттары болады.Бұлшықет табақшасы –жазық бұлшықет тінінің 3 қабатынан:ішкі және сыртқы-айналмалы ,ортаңғы-бойлай орналасатын қабаттан тұрады.Пилорикалық бездер-асқазанның он екі елі ішекке өтер жерінде орналасады.Саны өте көп.Олар сиректеу орналасып,көп тармақты,кең саңылаулы,париетальды жасушалары болмайды.Ядролары жайпақ,жасушалар түбіне бағытталған.Жасушаларында дипептидазалар көп болады.Шырышасты негіз-эластикалық талшықтары бар борпылдақ дәнекер тіннен тұрады.Оның ішінде артериалдық және веноздық өрімдер ,лимфа тамырларының торы және шырыш асты жүйке өрімі орналасады.Бұлшық ет қабығына келсек-фундальді бөлігінде нашар дамыған,Жазық бұлшықет жасушаларынан тұратын 3 қабаты бар.Олар:сыртқы-бойлай,ортаңғы-айналмалы,ішкі-қиғаш бағытталған.Ал сірлі қабығы-қабырғасының сыртқы бөлігін түзейді.Үстінен мезотелиймен қапталған борпылдақ дәнекер тіннен тұрады.