1 Көркем мәтін жалпы филологиялық талдау нысаны



бет24/25
Дата25.09.2024
өлшемі112,3 Kb.
#145602
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
кмәтә сессия

аллитерация мен ассонанс. Мәселен, Бұқар жыраудың төмендегі нақылдарына назар аударайық:
Арту-арту бел келсе,
Атан тартар бүгіліп.
Алыстан қара көрінсе,
Арғымақ шабар тігіліп.
Алыстан жанжал сөз келсе,
Азулы сөйлер жүгініп[1,101].
деген сөздерінде «а» дыбысы қайталанып келіп, ерекше үйлесімін тауып, үндестік құрған. Демек, дауысты дыбыстардың үндесуі ақын, жырауларға тән көтеріңкі пафосты дәл танытады.
Сондай – ақ, Шалкиіздің 45 жолдан тұратын «Мен көремін» толғауының 41 жолы «а»-дан, 4 жолы «о»-дан басталады.
Сол сияқты дауыссыз дыбыстар да жыраулар поэзиясындағы шешендік сөздерді айрықша ажарлылық сипатқа ие ете алады. Мысалы, Шалкиіз жыраудың бір туындысынан мысал келтірейік:
Жағаға жақын қонғанда,
Жайылып сулар алмас па?
Жаманға дос болғанда,
Жазымда басым қалмас па?
Жат туғанды өзі еткен
Жақсының ғұмыры аз-ақ болмас па? [1,44б].
Жалпы, бұл ұяң дауыссыз дыбыстардың үндесуі эмоционалдық бір көңіл-күйді білдіріп тұр.
Сонымен қатар, шешендік сөздерде ең көп қолданылатын көркемдеу тәсілі, ажарлаудың бір түрі – теңеу. Теңеуде «суреткер заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттейді. [3, 12б]. Мысалға, Жиембет жыраудың Есім ханға айтқан арнауынан үзінді келтірейік:
Менің ерлігімді сұрасаң,
Жолбарыс пенен аюдай.
Өрлігімді сұрасаң,
Жылқыдағы асау тайындай.
Зорлығымды сұрасаң,
Бекіре менен жайындай.
Беріктігімді сұрасаң,
Қарағай менен қайыңдай [1, 53б], — деп, теңеудің әдемі де сұлу үлгілерін алға тартқан. Өзінің ерлігі мен өрлігін, зорлығы мен беріктігін табиғаттың тамаша туындыларына теңеп, сол арқылы мықтылығын суреттейді.
Жыраулар поэзиясындағы шешендік үлгілерінде эпитет (айқындау) те өзіндік орын алған. Мысалы Асан қайғыда:
Таңдайға біткен қызыл тіл,
Тірлікте не шайнасаң жұтар ол.
Шалкиіз жырауда:
Қара сия, ақ қағаз,
Дестірге өнер төктірдің[2, 187б] .
Осы мысалдардағы қара сия, ақ қағаз, қызыл тіл сияқты сөз тіркестері ауыз әдебиетінен, әрісі түркі тіл халықтар әдебиетінен етене таныс болуы мүмкін. Бұл екі жағдайды аңғартады. Біріншіден, Ежелгі поэзиямыздың күні бүгінге дейін әрқилы орайда қолданылып келе жатқан бұл тіркестер – дәстүрлі жалғастықтың куәсі. Екіншіден, сан ғасыр ұғымға орнығып қалыптасқан тұрақты айқындаулар.
Шешендік сөздерде

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет