1 Көркем мәтін жалпы филологиялық талдау нысаны


Ш.Мұртазаның «Тәуекел той» әңгімесіне проблемалық талдау жасаңыз



бет17/25
Дата25.09.2024
өлшемі112,3 Kb.
#145602
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25
Байланысты:
кмәтә сессия

21.Ш.Мұртазаның «Тәуекел той» әңгімесіне проблемалық талдау жасаңыз
Жалпы, бұл шығармада адам бойындағы жағымсыз әрекеттер бәсекелестік, ысырапшылық, мақтаншақтық анық байқалады. «Тәуекел той» әңгімесінің атының өзі айтып тұрғандай, шығармаға қазіргі замандағы бәсеке тойы арқау болған. Бақталастық пен күндестіктің шегінен асқынғандығы сонша той десе жанын салатын қазақ бүгінде дәстүрлі тойларды жоғалтып, тойдың өзін бәсекеге айналдыра бастады. «Тәуекел той» әңгімесінде де дәл сол мәселе айтылады. Жағдайға қарамай, тәуекелге бел буып үлкен той жасау, даңқ пен дақпыртқа мастанған жандардың өзгеден асып түсу мақсатында тойдан кейін қарызға белшесінен батып жатуы секілді мәселелер көтерілген. Менің ойымша, басты кейіпкер Керімқұлдың асығыс әрекеті мүлде дұрыс болмады. Алдымен жағдайды ойлап, той шығынын реттеп, ақылға салып барып әрекет еткенде мұндай мәселе болмас еді деп ойлаймын.
22. Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесіне ұлттық құндылықтар тұрғысынан талдау жасаңыз
«Ұшқан ұя» — қазақтың даңқты жауынгері әрі жазушысы Бауыржан Момышұлының қаламы ұшынан шыққан ауқымды автобиографиялық шығармасы. «Ұшқан ұяда» әлем тарихы жаратылыс шежіресі, жан-жануарлар болмысы, қауымының қалыптасуы, әлемнің пайда болуы, тірлік, өмір туралы алғашқы мағлұматтарды, азаматтық тұрғыдағы аңыз-әңгімелерді әжесінен естігенін үлкен сүйіспеншілік сезімен есіне алған, сондай-ақ ненің жақсы, ненің жаман екенін, нені сүйіп, неден аулақ жүруді әжесінен үйренгенін мақтан етеді. Әкесі Момыш өз бетімен сауат ашқан, сол кездегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Бауыржан 3 жасқа келген соң анасы Рәзия қайтыс болады да, әжесі Қызтумастың қолында өседі.
Шығарманың негізгі идеясы - қайтып орала алмайтын балалық шақты қадірлеу, «Отан отбасынан басталады дегендей» Бауыржанның қалыптасуына әсер еткен ұшқан ұясын әңгіме арқауы ете отырып, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау болып табылады. Үлкенге деген құрмет, бауырлар арасындағы сыйластық, тіршілік болмысына аяушылық табиғат сүю сезімінің даму өрісін айғақтау үшін келтірілген мысал — бала Бауыржанның Отан сүю деңгейіне дейін кетерілуіне себеп болған көрініс. Автор ерекше мән берген мәселе- адамдардың бірін-бірі құрметтеуі, сыйлауы, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуі болып табылады. Оны Қабылбек пен Текебай би арасындағы дау-дамай арқылы жеткізеді.
Сонымен қатар, шығармада ұлттық өнеге негізінің дәріптелуі, тарихи шындық оқиғаларының суреттелуі, аңыз-әңгімелер мен мақал-мәтелдердің қолданылуы орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет