1 Көркем мәтін жалпы филологиялық талдау нысаны


Жүсіпбек Аймауытовтың «Елес» әңгімесіндегі психологизм көріністеріне талдау жасаңыз



бет19/25
Дата25.09.2024
өлшемі112,3 Kb.
#145602
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25
Байланысты:
кмәтә сессия

25. Жүсіпбек Аймауытовтың «Елес» әңгімесіндегі психологизм көріністеріне талдау жасаңыз
Мұндағы кейіпкер санасының психологиялық тұрғыдан екіге бөлінуі патологиялық түрде көрінеді.Егіз кейіпкердің /яғни түс көруші мен Елес/ әдебиетте көтеретін мәселесі біреу-ақ. Ол – адамның өз арымен айтысы. Және олардың сұхбаттары міндетті түрде тұрмыстық емес, философиялық, адамгершілік секілді күрделі мәселелерді қозғайды. Елес болып енген кейіпкер: «төңкерістен кейінгі халық басынан кешкен ауыр кезеңдердің, жалпы әдебиет пен мәдениеттегі елеулі өзгерістердің бәрі де өзекті тақырып, ал сен неге тақырып таппай тосылып отырсың», – дегенді меңзейді. Оның «Ақындықты, жазушылықты сауысқанға айырбастап, неден мұнша адастыңдар. Күндік күніне, өшті-қасты кегіңе, әлде күншілдігіңе бола елдіктің айнасы – әдебиетті ұрыс-керіске, боғауызға айналдырдыңдар. Келешектен ұялсаңдаршы!» – деуі тегін емес. Елес мұнда адамның ішкі ойы-Ардың, Ақиқаттың ролін ойнайды. Санадағы адам – Елес, түс көрушінің өзі, Ұят- Ары. Ол қазақ зиялыларының ұсақ тірлігін бетке басып, ел-ұрпақ алдындағы жауапкершілігін еске салғалы келгендей. Бұл тәсіл түс көрушінің өз санасымен, шатысқан ой-Елесімен айтысын алға тартады.
Психологиялық тұрғыда «Елес» шығармасының мазмұнына көз жүгіртер болсақ, мұнда аналитикалық психологизм көрініс табады. Себебі.аналитикалық психологизмнің элементтеріне сәйкес әңгімеде әдеби түс пен ішкі монолог берілген. Түстің өзі әдебиет жанашырлары, халықтың мұңын жеткізіп, төңкерістің негізгі мақсатын ашып көрсетіп, ойландыратындай, «жайсыз» түс есебінде жүзеге асқан. Авторлық баяндау екінші жақтан беріле отыра, елестің жазушы санасын билеп, оның ойын түбегейлі басқа арнаға бұру мақсатында келгенін байқаймыз.
26.Т.Әбдіктің «Ақиқат» повесіне сана ағымы тұрғысынан талдау жасаңыз
Шығарма бас кейіпкері Роберттің үзік-үзік санасындағы жаңғырықтар абсолютті шындық, адам мен әлем, жаратылыс пен мәңглілік т.б. іргелі философиялық толғамдарына құрылған. Повесть қарапайым ғана сюжетке құрылған, тіпті фабулалық қисынмен түзілген. Қаламгерге оқиғалар қоюлығы, сюжет дамуының логикасы аса маңызды емес. Роберттің телепаттық қасиетін өз мақсатына пайдаланушы профессормен, жындыханадағы көршісі священникпен және дәрігермен болатын диалогтық қарым-қатынастар ғана сюжеттік желілер түрінде көрінгенімен, олардың байланыстары да әлсіз. Олардың ортасындағы диалог полемикалық тұрғыда басталғанымен, бара-бара Робертпен диалогқа түсуші субьект ығысып, орталық образдың субъективті толғаныстары күш алып кетіп отырады. Өйткені ішкі монологтың күрделенген типі, ой мен сезімді бейнелеудің модернистерге тән техникасы – сана ағымы доминанттық сипат алады. Профессор-Роберт диалогының бір үзіндісіне жүгініп көрейік:
– …Болашақ тұнып тұрған фальсификация. Шындық пен жалғанның шекарасын таба алмаймыз. Өйткені бәрін қолдан жасаймыз.
– Бұл сұмдық қой, – деді профессор сыбырлап. – Адамзаттың санасымен жасалған осыншама заттың бәрін жоққа шығаруға бола ма?..
– Мынау өмірдегі мән-мағына, қасиет, әділет деп жүргендеріміздің бәрі адамдардың өздері ойлап тауып жүрген дүниелері. Әйтпесе олардың жаратылыс заңының негізін құрауға еш қатынастары жоқ…».
Диалогқа пассив-қатынасушылар Роберттің болмыс хақындағы толассыз ойларына тамызық берушіге айналып отырады. Қаламгер Роберттің бейнесін ішкі ой-толғаныстарымен танытудағы мақсаты – өмір шындығын емес, өмір туралы пайым-түйсіктердің тиегін ағыту. Модернистік шығармада өмірдің алуан құбылыстарынан гөрі өмір жайындағы таным қырларын бірінші орынға шығаруы аталған туындының да басты ерекшелігіне айналады. Роберт үшін болмыс – «Шетсіз-шексіз кеңістікте зеңіп жүрген өлі-тірі денелер. Ажалдай қатал, мейірімсіз әлем. Мәңгілік деп аталатын уақыт кеңістігінде тіршілік атаулы қараңғы түнекте анда-санда бір жалт еткен нәзік сәуле секілді. Ал жеке адамның ғұмыры ше?.. Мәңгілікпен салыстырғанда осынша қып-қысқа ғұмырының ішінде осынша үлкен азапты арқалап кететіндей адам сорлының не жазығы бар?..». Сыртқы әлем заңдылықтарын иррационалды тұрғыдан қабылдайтын кейіпкер социумнан ажыраған, одан жатсынған контексте алынады. Ол – трагедиялы әлемге, оның онтологиялық мағынасыздығына бүлік шығаратын қаһарман. Сондықтан да ол басқалармен тіл табыса алуы мүмкін емес.
Роберт пен священниктің арасында шиеленісті тартыс жоқ, тартыстың тек симуляциясы ғана қылаң береді. Әдеби ойынның пародиялық типі священникті тұлға ретінде жоқ етуге дейін барады. Роберт үшін ол маңызды да емес. Өйткені священник – ол үшін тобырдың маска киген өкілі ғана. Бас кейіпкер құдай жөніндегі өзі тапқан жаңалықтарын священникке әлдебір фокустық тұрғыда, мақсатты түрде бағыттап отырады. «Мен көп қиналдым. Өмірдегі жаманшылық атаулыны тудырып отырған негізгі күшті, негізгі айыпкерді ұзақ іздедім. Ақыры таптым. Ол – құдайдың өзі. Адамды мазақ етуші де, қорлаушы да, азапқа түсіруші де, зұлымдықты қолдаушы да соның өзі».
Ақырында «ең үлкен бақытсыздық – бақыт атаулының болмайтынын сезу» деген писсимистік ойдың ақиқатына көз жеткізген ол жындыхана бөлмесінде өзіне қол салады. Өйткені енді оның білмейтін құпиясы қалмады. Тіршілік-маскарадта ойнап жүргендердің маскасын сыпырды. Жалғыз құтқарушысындай көрінген әйелінің де өткендегі өміріндегі жар адалдығына дақ түсірген сұмдық құпиясын ашты. Анасының ертегісіндегі «ашуға болмайтын есікті» ашып алды. Тіршілікке деген соңғы үлпілдек үміт сөнді.
Жалпы, повестің композициясын түзуде, ойындық поэтиканы қолдануда бала кезінде анасынан естіген ертегі сюжетінің орны маңызды. «Содан әлгі адам жолаушыны жер астындағы алтын күмбезді патша сарайына әкеліп кіргізді де: «Қалаған шарабың мен тамағыңды іш, сұлу кәнизактармен ойна, серуен құр, барлық есікке кіріп, алтын сарайды тамашала. Тек мынау тұрған бір есікті ғана ашуға болмайды. Оны ашсаң бақытсыз боласың». Осы бір жұмбақ-ертегі сюжеті шығарманың бүкіл философиялық жүйесіне тұғыр қалаған, пәрмен берген. Мұнда адам баласына тән рефлекс – жұмбақты шешуге деген қызығушылық, азарттық ұмтылыстар бар. Жұмбақ шешімін табуда адам қателесуге, бірнеше нұсқа ұсынуға қашан да қақылы.
Автор Роберттің жүйеленбеген, «ой әлемінде салмақсыздыққа ұшыраған адамдай бағыт-бағдарсыз зеңіп жүрген» толғаныстарын бөлшектенген сана ұшқындары, сана жаңғырықтары ретінде байыптайды. Сана тасқынының логикалық тұрғыдан реттелмеген көріністерін батыс модернистері галлюцинация, түс көру фрагменттері арқылы танытудың дәстүрін қалыптастырса, Т. Әбдіков өзінше тәсілмен жеткізеді. Қаламгердің ол тәсілі Робертке фантастикалық реңктер дарыту арқылы жүзеге асады. Фантастика мен шындықты тұтастандырып жіберетін жазушы повесть оқиғасын реалды жағдайларда өрбітеді. Алайда Әбдіков фантастикасы таң қалдыруға құрылған немесе романтикалық эффект беретін ғажайыптық фантастика емес, адам болмысына трагедиялық бояулар үстейтін, тағдыр талқысын күшейтетін сипат алады.
Шығармада екі басты бағыт бар.Біріншісі бүкіл әділетсіздік атаулыға қарсы наразылық.Екіншісі "Ақылдан азап шегу". Тіршіліктің тереңде жатқан сырын білу аса жақсы нәрсе емес.Оны білгеннен табарың - айықпас уайым , жан азабы.Сол себепті шығар , тіршілік ағысымен су бетіне түскен жаңқадай жеңкіліп кете баратын адамдар өмір мәнін білуге ұмтылып , көп ойланып , жиі толғанатын жандарға қарағанда әлдеқайда бақытты , әлдеқайда алаңсыз ғұмыр кешеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет