2 критерий. Мектепке дейінгі ұйымда өзгерістерді жүзеге асыру миссиясы мен басымдықтарын анықтау Басымдық бағыты ретінде мына мәселені белгіледім, яғни: «Баланың өз денсаулығына дұрыс көзқарасын, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру»
Осыдан Ұйымның миссиясы Мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір салтының құндылықтары туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру үшін барынша қолайлы жағдайлар жасау.
Басымдықты анықтаудың алдында тәрбиеленушілердің cалауатты өмір салты дағдыларының даму деңгейі бойынша мониторинг көрсеткіштері негізге алынды.
Барлық бала: 70(орта, ересек топтарының тәрбиеленушілері)
Мына диаграммада көрсетілгендей, салауатты өмір салты бойынша дағдыларының төмен бала саны 33% көрсетуде.
Осыдан: Даму жоспарының мақсаты: МДҰ тәрбиеленушілердің СӨС мәдениетін қалыптастыруды кешенді түрде жүзеге асыру
2021-2024 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспардың кезеңдер Стратегилық жоспарды үш жылға жаспарладым.
І кезең
2021-2022 оқу жылы
ІІ кезең
2022-2023 оқу жылы
ІІІ кезең
2023-2024 оқу жылы
Стратегиялық талдау стратегиялық жоспарлаудың негізгі элементі болып табылады.
Стратегиялық даму жоспардың І кезеңі 2021-2022 оқу жылына арналған жоспарымен таныстырып өтейін: Жобаның мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалар арасында салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыру, денсаулықты сақтау ережелерін саналы түрде жүзеге асыруға, өз денсаулығына және өзгенің денсаулығына жауапкершілікпен қарауға қол жеткізу.
Міндеттер: 1.Балалардың өз денсаулығы үшін жауапкершілігін қалыптастыру;
2.СӨС мәселелері бойынша балалардың ата-аналарына педагогикалық білім беруге ықпал ету;
3.Денсаулыққа қауіпті жағдайлардан аулақ болу қабілетін дамыту.
4. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.