Инновациялық алаң жұмысының табыстылығының индикаторларына мыналар жатады: - мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір салты(СӨС) мәдениетін қалыптастыру бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымының (МДҰ) педагогикалық процесінің моделін құру және тестілеу;
- сауықтыру қызметін білім беру қызметіне интеграциялау негізінде мектепке дейінгі жастағы балалардың СӨС қалыптастыру бойынша МДҰ ның педагогикалық процесі моделінің жұмыс істеу тиімділігінің критерийлері мен көрсеткіштерін әзірлеу;
- СӨС мәдениетін қалыптастыру мәселелерінде педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
- барлық балалардың жеке және әлеуметтік дамуындағы көрсеткіштердің оң динамикасы;
-мектеп жасына дейінгі балалардың СӨС мәдениетін тәрбиелеу мәселелерінде педагогтердің, ата-аналардың қалыптасқан кәсіби құзыреттілігі;
-инновациялық қызметтің нәтижелерін көрсететін жарияланымдардың, мақалалардың, жинақталған жұмыс тәжірибесінің болуы.
Ал енді, осы критерийлерге сүйеніп аиқарылған жұмыстың қорытынды мониторингтің көрсеткіштеріне талдау жасадым, нәтижесінде
Тәрбиеленушілердің салауатты өмір салты мәдениеттің деңгейі жғарлады;
Педагогтар сауықтыру-шынықтыру технологияларын білім беру салаларында тиімді қолдана алды;
Аурушаңдық көрсеткіші төмендеді;
Салауатты өмір салтын қалыптастыру барысында МДҰ мен отбасылардың өзара әрекеттесуінің жаңа жүйесі қалыптасты.
СӨС бойынша бастапқы түсініктердің қалыптасу деңгейі